Азаматтық-саяси қайшылықтар

 

1917 ж. ақпанда буржуазиялық — демократиялық тӛңкерісі жеңіп, патша ӛкіметі құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық — демократиялык қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды . Олар ұлттық автономия кұратын, жалпы ұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.

1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос ӛкімет орнады. Уақытша Ӛкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары құрылып, облыстардың басына бұрынғы патшаның шенеуніктері, сондай — ақ қазақтардың ұлттық интеллегенциясының жекелеген ӛкілдері қойылды . Мысалы , Ә . Бӛкейханов Уақытша ӛкіметтің Торғай облысындағы, М. Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды . Жер — жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші ӛкімет — жұмысшы , солдат және шаруалар депутаттарының   Кеңестері құрылды.

Олармен қатар, қазақ интеллигенциясы басқарған облыстық, уездік съездер шақырылып, онда қазақтардың облыстық және уездік комитеттері кұрылды. Олардың кӛпшілігін қоғамдық — саяси қызметте тәжірибесі бар Р. Марсеков , Ж. Досмүхамедов, И. Жайнақов, С. Сейфуллин, М. Айтенов, X. Досмұхамедов , Ж. Алдоңғаров, М. Шоқай сияқты кӛрнекті қайраткерлер басқарды . Қазақ комитеттері Қытайдан қайтып оралған босқындарды орналастыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысты . Олармен қатар қазақ жастарды мәдени — ағарту істерімен шұғылданатын жастар үйірмелерін,  ұйымдарын  құрды.

Патша ӛкіметі құлағаннан соң, Қазақстан большевиктері де астыртын жағдайдан шығып , олар уақытша үкіметтің саясатының мәнін халыққа ашып, жұмысшылар мен шаруаларды жаңа революцияға шақырды.

Осы тұста Орынбор қаласындағы қазақ зиялылары кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдап, «Қазақ» газеті аркылы казак халқына арнайы үндеу жариялады. Бірінші жалпы казақтық съезд 1917

ж. 21-26- шілдеде Орынбор қаласында ӛтті. Съезд мемлекеттік басқару нысанын, қазақ облыстарының автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани — діни, әйелдер, Құрылтай жиналысын шақыру, қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік және т.б. мәселелерді қарады. Съезд қазақтың саяси « Алаш»    партиясын    құру   туралы    мәселе    қарап,    оның бағдарламасын жасауға шешім қабылдады. Мемлекеттік басқару жүйесі      туралы           қазақ   облыстары             демократиялық         федерациялық           парламенттік             Ресей республикасының құрамында облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуы тиіс деп шешті. 

1917 ж. басында  Ресейге тӛңкерістік жаңа толқын кӛтерілді. Империалистік соғысты азамат

соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды.                                                                                               

1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция  жеңіске  жетті.   Патша  үкіметі  құлатылып,   қос  ӛкімет орнады. Бүкіл Ресейдегі секілді Қазақстанда да уақытша үкімет пен  жұмысшы,    солдат   депутаттарының    кеңестерінің    билігі    орнады. Буржуазиялықдемократиялық ақпан революциясының жеңіске жетуі ӛлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Уақытша үкіметтің 

жергілікті органдары құрылды. Облыстар мен уездерге бұрыңғы патша үкіметінің

чиновниктерінен, әсерлерден, меньшевиктерден және буржуазиялық    ұлтшылдардан    Уақытша    ӛкіметінің    комиссарлары тағайындалды. Әлихан Бӛкейханов Торғайдың, М. Тынышбаев Жетісудың комиссарлары болып тағайындалды. Қазақстанда 1917 ж.  наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Оралда, Түркістан ӛлкесінде және т.б. ӛлкеде құрыла бастады. Жұмысшы тобы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша үкімет құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шығып, ӛз жұмыстарын жандандырды.

Бұл   кездегі   империя   кӛлемін   қамтыған   саяси   тұрақсыздықжағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары ӛзара кеңесіп,   кезек   күттірмейтін   ұлттық   мәселелеріне   байланысты   бір ұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкіл қазақтық съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оған Ә. Бӛкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров, М.Шоқаев, М. Тынышбаев, X. Досмухамедов, Ж. Досмухамедов, X. Ғаббасов, т.б. кірді.            Сол жылы 5-13 (18-26) желтоқсанда Орынборда   ӛткен екінші съезінде Қазақтың автономиясы-Алашордада ӛткен екінші съезінде Қзақстанның автономиясы-Алашорда үкіметі Ұлт Кеңесі құрылды. Петроградта 1917 жылғы қазан айында Ленин бастаған революциялық күштер жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігі кеңестердің қолына кӛшкені туралы хабар   бүкіл Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл оқиға бүкіл елде, Ресейдің орталық аудандарында оның   шет аймақтарында кеңес ӛкіметің құру, нығайтумен ұштасты. Ол кӛп  жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан тӛгіссіз іске асты.                

Тӛңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары  кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен әр түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты әр түрлі үмітте болуға жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан тӛңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деген үмітте болды. ;

Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикаларды жұмысшыға, жер ІІІ шаруаға бебітшілік- бүкіл халыққа деген ұран кӛре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жӛнінде ӛз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын,  азаттығын жариялай отырып, оларды тӛңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан тӛңкерісінен кейін кӛп уақыт ӛтпей-ақ елде азамат соғысы мен   шетел   басқыншылығының   жорығы  басталды.   Бұл   тұста Қазақстанда Кеңес ӛкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына ӛтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның   бір себебі мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы тобы болған жоқ. Екіншіден,  шет  аймақтарда  билікті  кімнің  алатыны  жӛнінде  тап-тұйнақтай шешіліп жатқан, жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады.  

Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатын, болмайтыны жӛніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, «Онтүстік шығыс одағы» деген  атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық ӛз иелігін құруга құлшындырды. Сӛйтіп, 1917 ж. ж. желтоқсанда Алашорда  үкіметі пайда болды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес ӛкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 ж. қазаннан    1918   жылғы   наурызға   дейін   Қазақстанның   кӛптеген аудандарында кеңес ӛкіметі орнады.

  • ж. майдың аяғында Антанта елдерінің кӛмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының  офицерлік   бүлігімен   елде   азамат  соғысы  басталды. Оларға ак гвардияшылар мен бірге әсерлер, меньшевиктер  және Алашордашылар дем берді. Сонда да Қазақстанның біраз жерінде  кеңес үкіметі сақталып қалды. Ақ гвардияшылардың тылында партизан   қозғалыстары да жандады.                    
  • жылы 10 шілде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз ӛлкесін басқару жӛніндегі революциялық комитет туралы» жарлық қабылдады.
  • ж. 30 сәуірде РК(б)П Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) облыстық   бюросы   құрылғаннан   кейін   ӛлкеде   Кеңес   ӛкіметіменмемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26тамызда ВОАК пен РСФСР Халком Кеңесі РСФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) кеңестік Социалистік  Автономиялық   Республикасын   құру  туралы»   жарлық қабылдады.   Орынбор  қаласы  Қазақ АКСР-інің  алғашқы  астанасы болды.

1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерінің  құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (тӛрағасы С.М. Меңдешев)   және Халком Кеңесі (тӛрағасы    В.РадусЗенькович) сайланды. Съезд  «Қырғыз (Қазак) АССР-і еңбекшілері құқықтырының декларациясын»   қабылдады. Онда Қазақ АССР-і РСФСР-дың автономиялық бірлігіне жататын жұмысшылардың,  еңбекші қазақ халқының,  шаруалардың,  қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің Республикасы  болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің топтық мәнін белгілеп берді. Ол Ұлттық езушілік пен құлдыққа ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.   

Съезд Республика құрамына енетін барлық ұлттар мен ұлыстардың бейбіт ӛмірі үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше кӛңіл бӛлді. «Әрбір ұлттың,-деп жарияланды — барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар және олардың әрқайсысына ұлттық еркін дамуға құқық беріледі және сондай құқық пен толық мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс».

Қазақтың кеңестік ұлттық мемлекеттігінің жариялануының орасан зор тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл актіні ӛзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан ғасырлық күрестің нәтижесі, ұлттық қайта ӛрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабыддады.

 ЖЭС жылдарындағы Қазақстан.

«Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану»- В.И. Ленин азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңестер елінің жағдайын міне осылай бейнелеп суреттеді.

Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты, қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты.

Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту кӛтермеленді. «Әскери коммунизм» тұсында енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді. Темір жол және автомобиль тасымалының, ӛндіруші және ӛңдеуші ӛнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық есепке кӛшірілді.

Ӛлкенің 28.мың коммунисінен ӛкіл болып, Орынборда (1921 ж. маусымда) ӛткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа кӛшуді мақұлдады. 1921 жылғы наурыз-сәуір айларында республикада азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен алмастырылды. Машиналарды жалға беретін алғашқы пунктер пайда болды, базарлар ашылып, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.

Сонымен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа кӛшу басталып, ол әсіресе большевиктердің ӛлкелік партия ұйымының басшысы Ф.И. Голощекин болған кезде күшейе түсті.

  1. Әдебиеттер: Негізгі:
  2. Абдурахманов Н.А.Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент, 2014
  3. Қуандық, Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
  4. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
  5. Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 1-т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 316 бет.

Қосымша:

  1. Дарашова, З. Б. Қазақстан тарихы оқу-әдістемелік құрал. — Шымкент : «Ернияз» жарнама ӛндірістік фирмасы, 2014.
  2. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *