Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы

Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Қазақ хандығының 550 жылдығы – қазақ елінің ӛткені, қазақ халқының тарихы. Сол тарихқа кӛз жүгіртсек. Қазақ хандығының алғаш мемлекет болып қалыптасуы XV ғасырдың екінші бӛлігінде, шыңғыс әулетінің бұтағы Орыс-ханнан тарайтын Керей мен Жәнібектің 1465 жылы Сарыарқа территориясынан Шу-Талас ӛзені аралығындағы ауданда орналасқан Моғолстан ханы Есенбұғаның иелігіндегі жерге кӛшіп келуімен басталды. Бұл жерде қысқа мерзім ішінде болашақ хандықтың қазығы қағылып, қазақ тайпаларының ірі саяси бірлестігі пайда болды.

Қазақ хандығының құрылуына Евразия құрлығында болған күрделі ішкі геосаяси, этникалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің салдары әсер етіп, оның құрылу уақыты ӛзге түркі тілдес мемлекеттердің құрылуымен (Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары мен Ноғай ордасы) сәйкес келді. Осыған байланысты XV ғасыр Евразияның ішкі этносаяси тарихынындағы ӛзгеріске кӛп ұшыраған кезең болып саналады. Жетісудың батысына Керей мен Жәнібек хандардың кӛшуінің арқасында және жаңа хандықтың құрылуына сәйкес түркі тілдес оңтүстік-шығыс кӛшпенділердің саяси нығаюының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үрдісі аяқталды.

Қазақстан тарихына қатысты екі ғасырға жуық зерттелген деректер негізінде Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей хан мен оның немере інісі Жәнібек хан болатын. Осы уақыттан бастап қазақ хандары тек қана «шыңғыс ұрпақтары» әулетінен сайланатын болды. 1468 жылы Әбілқайыр ханның ӛлімінен кейін Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының жер кӛлемін біршама ұлғайта түскен еді. Осы сәттен бастап Қазақ хандығы құрлықта дербес мемлекет ретінде саналды.

XV ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың ортасына дейін қазақ мемлекетінің негізгі сыртқы саясатының басты бағыты материалды-экономикалық негіз бен ӛзінің қауіпсіздігін хандықтың жер кӛлемін ұлғайта түсу арқылы іске асырып отырды. Жетісу аймағы және туыстық қатынастағы барлық қазақ хан-сұлтандары билеп отырған аумақтағы тілі мен діні бір кӛшпелі тайпаларды ӛзінің қол астына кіргізе отырып, хандықтың жер кӛлемін ұлғайтып келген еді.

Осыған байланысты Қазақ хандығының саяси ӛмірі үш ғасыр бойы оңтүстік, кейінірек оңтүстік-шығыс және батыстағы кӛршілерімен шұрайлы жерлер, сауда жолдары үшін үздіксіз соғысып келді. Керей мен Жәнібек хандардың мұрагерлері XVI – XVII ғасырдың басындағы Қасым хан (1509-1521), Хақназар (1551-1580), Тәуекел (1583-1598), Есім (1598-1614, 1627-1628) жүргізген алғыр және сындарлы саясаттарының арқасында қазақ мемлекетінің құрамына XVII ғасырдың бірінші жартысында Сырдария ӛзенінің орта ағысындағы сауда және қолӛнері дамыған қалалар кіріп, қасиетті Түркістан қаласы хандықтың астанасы болды. XVIIІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ хандары Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясының біраз бӛлігін жаулап алған ойрат мемлекетімен кескілескен ұрыстар жүргізді. Үздіксіз болған соғыстар кезінде қазақтардың бас ханы Тәуке (1680-1718), Әбілқайыр хан (1718-1748) және Абылай хандар (1771-1781) жаулап алынған жерлерді толықтай қайтарып, ӛз елінің тәуелсіздігін сақтап қала алды.

XVIIІ ғасырдың екінші жартысында қазақ хандарының билігі Маңғыстау түбегіне дейін жетіп, Қазақ мемлекетінің территориясы Ертістен Жайыққа дейінгі және Каспий теңізінің барлық батыс жағалауын қамтыды.

Қазақ мемлекеті кӛптеген қазақ тайпаларының саяси, экономикалық және рухани бірігуін, олардың бірыңғай этникалық тұтастығын, қазақтардың мәдени ӛмірінің жан-жақты үйлесуін қалыптастырды. Үш ғасырдың ішінде қазақ жерінде кӛшпенді мемлекеттің түпнұсқасы орнығып, қоршаған ортаға бейімделген, ӛзіндік саяси бейнелемесі (хандар мен сұлтандардың мӛрі) бар, орталық және жергілікті билік институттарын белгілеуді демократиялық жолмен сайлап, рухани ӛмірлерін дамытып, қалыптастырған болатын.

Ӛзіндік мемлекеті болған қазақ халқының ауызша тарихында ежелгі халық ауыз әдебиеті, бейнелеу ӛнері мен дәстүрлі музыка мәдениеті қалыптасып, ел тарихында мәңгі ӛшпес мұра болып қалды.

Бүгінгі таңда қазақ халқының далалық мемлекетінің тарихын жан-жақты зерттеу мен дәріптеу Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың алдындағы бейнесін айқындап, этномәдени сәйкестілік пен жас ұрпақтың ұлтжандылығын қалыптастырып, жалпы ұлттық бірігу мен гүлденуі ары қарай үдемелі қозғалыс болып табылады. 

  1. Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл мерекелеудің маңызы мен мақсаты Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл мерекелеудің маңызды 3 негізі:
  2. Отан сүйгіштік – бұл кез-келген мемлекеттің ең мықты ӛзекті тұжырымдылық негізі саналады. Осы отан сүйгіштік халықтың ӛз отанына деген сүйіспеншілдігін арттырып, елдің бірыңғай, табысты және гүлденуіне апаратын жалғыз жол болып табылады. 550 жыл бұрын қазақ елінің еркімен құрылған қуатты Қазақ хандығы кӛптеген ауыр, тұрақсыз және жауласқан заманға қарамай ӛзінің территориясын бекітіп, оны нығайтқаны бізге тамаша үлгі болып, мықты және шынайы сенім арқылы, болашақта мемлекеттің дамуына үлес қосатын үрдіс болмақ.
  3. Медиялық – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын мерекелеуді заманауи ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық ортаның дамыған заманында кең медиялық және ақпараттық қолдау арқылы ӛткізілуі тиіс. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеу сәтінде медиялық және ақпараттық вакуум қолдануға болмайды, себебі бұл соңында Қазақстан тарихына және Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушісіне қатысты кӛпшіліктің кӛзқарасын ӛзгертіп жіберуі мүмкін. Мақсатты түрде кең кӛлемді, сапалы және толыққанды Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын мерекелейтін, Қазақ мемлекетінің құрылуы жайлы тарихи ғылыми-танымал бағдарламаларды жетекші орталық телеарналардан кӛрсету, Қазақ хандығының жаңадан құрылу барысындағы тарихи сәттерді, мемлекеттің дамуымен нығаюын деректі фильмдер арқылы ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
  4. Ғылыми – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғандығын мерекелеуде Қазақ мемлекетінің іргетасының қалауына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеуді күшейту керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтудің ішінде: отандық мамандардың ғылыми қауымдастық институтын құру: тарихшылар, этнографтар, филологтар, тіл мамандарын, шығыстанушылар, археологтар, мұражай зерттеушілерді қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихының тұжырымдамасын талқылау мәселесін; Қазақ хандығының тарихы бойынша сериялы карталарды дайындау, саяхатшылар мен кәсіби тарихшылардың XV – XX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекетіне қатысты тарихи деректердің барлығын мұқият қарап, толыққанды зерттеу. Қазақ хандығын зерттеп жүрген отандық мамандарды Батыс Европа, Ресей, Түркия, Қытай, Мысыр, Ӛзбекстан мемлекетеріндегі ғылыми-зерттеу орталықтарына, мемлекеттік мұрағаттарына аталмыш тақырып бойынша ақпараттар мен деректерді жинастыруға іссапарға жіберу, қазақ мемлекетінің құрылу тарихына байланысты халықаралық деңгейде конференциялар ұйымдастыру, яғни жиынға Италия, Ресей, Түркия, АҚШ, Қытай, Венгрия, Австрия мемлекеттерінен тарихшыларларды, шығыстанушылар мен тіл мамандарын арнайы шақыру. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты зерттелген, жүйеленген мәліметтер бойынша және ақпараттық, иконографиялық материалдар негізінде халықаралық деңгейде кӛрме ұйымдастыру.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдықтың негізгі идеологемалары (идеологияның саяси бағыттық ұстанымы):

Тәуелсіздік —  550 жыл бұрын Қазақ хандығының негізі қаланып, қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі мен еркіндігі абсолютті түрде жарияланды.

Мемлекеттілік —  Қазақ халқы 550 жыл бұрын Қазақ мемлекеттілігін құрды және оны жариялады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы Қазақ мемлекетілігімен ғасырлар бойы жоғары рухани, мәдени және еркін тығыз байланыста болып келді.

Мұра — Мәдени мұраға бай және жоғары ӛнегелік дәстүр ежелден Қазақстан халқына қозғалмас темірқазық болып, 21 ғасырдағы Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына ӛз әсерін тигізетіні анық.

Ӛркендеу —  Қазақстан алғашында дамудың дұрыс бағытын таңдап, тарихтағы қиын сындарға қарамай, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқаты жақсартып, дамудың жаңа үлгісін таңдаған сара жолмен жүріп келеді. Мерекелеудің мақсаты мен негізгі міндетері:

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толғандығын мерекелеудің басты мақсаты болып тарихта басынан аласапыран заманды бастан кешіріп, аймақтың күрделі жағдайына қарамастан тәуелсіздіктің биік туын кӛтеріп, 1465 жылы қазақ хандығының негізін қалаған қазақ халқына лайықты құрмет кӛрсетіп, қаһармандығына бас иію. Мерекелеудің негізгі міндеттері:

  • Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын жалпыға жариялау;
  • Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту және базалық құндылықты

қоғаммен үйлестіру, соның негізінде – тәуелсіздік, мемлекеттлік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімділікті қамтамасыз ету; 

  • Ӛз халқының ӛткен тарихына, ерлігі мен дәстүріне, ӛз елінің мұрасына құрметпен қарау; 
  • Қазақстандық ұлтжандылықты нығайту, Қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл

толуына орай жағымды бейнелерді құру және дәріптеу; 

  • Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді түсіндіру, елдің стратегиялық құжаттарын анықтау;
  • Жаңа мемлекеттің құрымына атсалысу, елдің тағдырына және болашақ ұрпақ азаматтарына бірлесіп жауапты болу, әрдайым мақтаныш сезімін қалыптастыру; 
  • Елдің барлық азаматтарын мерекелік іс-шараны жүргізуге және белсенді атсалысуға қатыстыру.

Нәтижелері: 

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын мерекелеуге арналған аталмыш тұжырымдаманың қорытындысы бойынша Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық тарихы бар екендігі жарияланып, елдегі әрбір азаматтың патриоттық кӛңіл-күйін кӛтеріліп, азаматтар ӛздерінің ӛткен тарихына деген қызығулықтарын арттырып, қоғамды рухани-мәдени және идеялық тұрғыда нығайтумен қатар қазақстандықтардың мемлекеттілік пен тәуелсіздікті кӛздің қарашығындай сақтауына, жаңа белестерді бағындыруына жол ашады.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін кӛрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, кӛне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-кӛпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагӛйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкӛк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея…» — екендігін жазған. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкӛк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Кӛк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Кӛктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін…» — деген жолдар бар. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге тӛтеп беріп, ӛзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон ӛзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың ӛлімге қарсы тұрып, мәңгі ӛмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі ӛмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік ӛмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап ӛткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде кӛрсек, енді біразында ол ӛлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде кӛрінеді. Қорқытты мәңгі ӛмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы ӛз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық кӛзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Кӛрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған кӛне түріктер біріктірді.

Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей ӛз қолына алды» — дейді. Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын кӛне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, кӛне түріктердің мәңгілік ел идеясының ӛміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап кӛтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік кӛзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар кӛп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты ӛз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рӛлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау кӛрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ӛзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған ӛктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді», — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін кӛрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне кӛшу мәселесіне қатысты ӛз пікірін білдіре келіп, ӛте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне кӛшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкӛк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Кӛшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне кӛшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси ӛмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі ӛзара қарымқатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, ӛзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой кӛрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің кӛтеріле түсетіні сӛзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның кӛшбасшысына айналдыру идеясы ӛз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына

Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың кӛшбасшысы» деп бағалауы — Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген. 2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай ӛткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сӛздері барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны кӛтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді. Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың кӛтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың ӛмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай ӛмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, ӛсіп-ӛркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар ӛтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар кӛбейеді. Алдымен бір адам туады, ол ӛз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен. Гумилевтың айтқан сӛздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар ӛтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Кӛшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады. Кӛне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — кӛне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкӛк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгӛй дана бірауыздылығы, сӛз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта кӛтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін тӛккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны кӛрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының кӛзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне кӛмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бӛлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда ӛмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері кӛрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің ӛз халқының бақытқа жетуі үшін кӛрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің кӛшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері кӛп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сӛз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді кӛрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да ӛзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. 

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәденирухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен ӛзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. 

 

  1. Әдебиет: Негізгі:
  2. Алан Барнард Антропология тарихы мен теориясы [оқулық] / А. Барнард; ауд. Ж. Жұмашова,
  3. — 240 б.
  4. Шваб К. Тӛртінші индустриялық революция [монография] / К. Шваб; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә.

Бимендиева, К. І. Матыжанов, 2018. — 198 б.

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999
  2. Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013
  3. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы :

ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет

Қосымша:

  1. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. — 320 бет.
  2. Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,
  3. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *