КЕЛІСІМШАРТ

 

 

Келісімшарт жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын рес- ми құжат. Мысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.

Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.

Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекен- жайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Яғни, пәтерді сату-са- тып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары тараптарға беріледі.

Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:

  1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу-сату туралы; ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

  1. Жер телімдері туралы мәмілелер:

а) жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт; ә) жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт.

  1. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт; ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

 

  1. Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

 

Келісімшартты тағы да мынандай түрлерге бөлуге болады.

  • Ұжымдық келісімшарт;
  • Неке келісімшарты т.б.

õЕрекшелігі:

  • Екі жақты және одан да көп жақты болуы.
  • Негізінен, мемлекетішілік     құжат     (кейбір     жағдайларда мемлекетаралық қарым-қатынастарда да жасалынады).

 

Құрылымы:

  • құжат атауы;
  • күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
  • тараптардың (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
  • келісімшарттың мәтіні;
  • тараптардың қолы;
  • нотариалдық кеңсенің жазбасы;
  • нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.

 

Ұжымдық келісімшарт

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы

№493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес ұжымдық келісімшарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасасқан құқықтық акт.

Неке келісімшарты

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I Заңында «Неке және отбасы туралы» айтылған.

Неке келісімшарты – некеге тұрғандардың немесе жұбайлардың ажырасу барысында мүліктік құқықтарын және екі жақтың міндеттерін анықтаушы тұлғалардың келісімі.

Неке келісімшарты некеге дейін немесе некеден кейін рәсімделуіне болады, келісімшарт өз күшіне некеге тұрғаннан соң енеді.

Келісімшарттың нотариуста расталынуы үшін мына құжаттар қажет:

  • нотариалды мекемеге екі жақтың да келуі;
  • неке туралы куәлік;

 

  • екі жақтың да жеке куәліктері (төлқұжаттары);
  • бар мүлікке келісімшарт түзілсе, мүлікке құқықтары бар құжат- тар.

Мысалы, пәтердің мәселесі көтерілсе, Жылжымайтын мүлік орталығынан тиісті құжаттарды беру қажет, осылардың арқасында келісімшарт түзіледі.

Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды:

  • үй шаруашылығын жүргізу;
  • ажырасқаннан кейін балалармен қарым-қатынас және олардың жауапкершілігі үшін міндеттерді нақтылау мәселелері (мысалы балалар- ды кім жатқызады немесе таңертең күлімдеп ояну) т.б.

Неке келісімшартын өзгертуге және бұзуға болады:

Неке келісімшартын ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қалаған уақыттарында бұзуға болады. Неке келісімшартын өзгерту және бұзу но- тариуста жүзеге асады.

, Үлгі

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт

 

15 қазан, 2010 жыл_ Алматы қаласы

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 88 үй, 77 пәтер тұрғыны 2004 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасының ІІМ берген №5487962131 жеке куәлік иегері Әміреев Ерлан Елдосұлы;

Алматы қаласы, Бағанашыл ықшамауданы, 56 үй, 15 пәтер тұрғыны 2002 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының ІІМ берген №25082005 жеке куәлік иегері азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы;

төмендегі осы келісімшартты жасадық.

1.  Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, мекенжайым: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді саттым;

Мен, азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтерді сатып алдым.

2.  Көрсетілген пәтер:

—  2005 жылы 24 қазан айында жасалған сату-сатып алу келісімшартының негізінде;

—  келісімшарт №9 тізбеде тіркеліп, Алматы қаласының №9 нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырған;

—    ТИБ-те тіркелген (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу). Жекеменшік құқығы бойынша азамат Әміреев Ерлан Елдосұлына тиесілі. Пәтердің жалпы пайдалы аумағы: 120 шаршы метр, 4

бөлмеден тұрады.

 

 
   

 

Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы 5 қазанда №6 бланкіде көрсетілген анықтамасы бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.

3.         Мен, азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы, көрсетілген пәтерді (Ал- маты қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 30 пәтер) азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін жүз жиырма мың (120000) долларға саттым.

4.      Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге, салыққа берілген жоқ және дау-таласта болған жоқ, талап қойылған жоқ.

5.           Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы жүргізеді.

6.       Сатылған пәтерді азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы беруі және оны азамат Әбішев Дінислам Сәлімжанұлы қабылдап алуы екі жақ қол қоятын беру актісінің негізінде жүзеге асырылады.

7.     Қолданылып жүрген заңның…..-бабының мазмұны түсіндірілді.

8.         Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Әміреев Ерлан Елдосұлы төлейді.

9.       Келісімшарт 3 дана етіп жасалды, оның бір данасы – нотариалдық кеңсенің №4 тізбесінде сақталады, екінші данасы – сатушыда, үшінші да- насы – сатып алушыда сақталады.

Тараптардың қолы:                               Сатып алушы/ Сатушы/

Осы келісімшартты мен, 2000 жылы 4 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0001546 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласы

«Бақыт» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Бекболатов Дидар Мақсатұлы 2010 жылы 15 қазанда куәландырдым.

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды.

Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Әміреев Ерлан Елдосұлына тиесілі екендігі тексерілді.

Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.

Нөмірі №65 тізбеде тіркелді. Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.

Нотариус                                       (қолы)                                  (Мөр)

 

, Интернет арқылы жасалатын келісімшарттың үлгісі

 
   


Алдымен келісімшарт толтырылады, кейін  сіздің  жеке  электрон- ды поштаңызға хат жіберіледі. Өзіңіздің келісіміңізді білдіру үшін, бағдарламашыға  хат  жіберіңіз.  Бағдарламашы  келісімшарттың нөмірін қол қою үшін жібереді. Келісімшартқа қол қойып, компанияға тіркелгеніңізден кейін болашақта компанияның қоймасынан арзан бағамен алу және үйге жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Келісімшарт ин- тернет арқылы жүргізіледі.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Келісімшарт қандай құжат?
  2. Ол қандай жағдайларда жасалады?
  3. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
  4. Келісімшарттар қайда куәландырылады?
  5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

    Тілдік бірліктер:

 

•      сатушыға тиесілі

•      ешкімге сатылған жоқ

•      қарыз өтеу

•      менің қатысуым кезінде

•      талап қойылған жоқ (тыйым салынбаған)

•      маған тиесілі

•      жекеменшік құқығы бойынша

•      келісімшарттың негізінде

•      жалпы пайдалы ауданы

•      шаршы метр

•      құрайды

•      осы уақытқа дейін

•      бағалау

•      болып табылады

•      бұдан әрі

•      екінші жақтан

•      ….. бастап……. дейін жарамды

•      жеке басы

•      кепілге берілмеген

•      нотариалды түрде куәландыру

•      осы келісімшарт жасағанға дейін

•      тараптардың міндеттері

•      көрсетілген

  • жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт

Осы уақытқа дейін

Тараптардың қолы

Пәтерді сатып алдым

Іс-әрекетке қабілеттілігі

Дау-таласта болған жоқ

Жалпы пайдалы аумағы

 

  • жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1.Талап қойылған жоқ

 дееспособность сторон

2. Төмендегілер туралы осы

келісімшартты жасадық

 указанная квартира принадлежит

мне

3.Көрсетілген пәтер маған тиесілі

 нижеподписавшиеся

4.Ешкімге сатылған жоқ

 текст договора прочитан вслух

5.Тараптардың іс-әрекетке

қабілеттілігі

 заключили настоящий договор о

нижеследующем

6.Келісімшарт мәтіні дауыстап

оқылды

 никому не продан

7.Төменде қол қоюшылар

 под арестом не состоит

  • жаттығу. Келісімшарттағы көп нүктенің орнын толтырыңыз. Қазақстан Республикасы …………… 2004 жылы 12 мамырда…………..

жеке куәлігінің №5487962131.

Пәтердің жалпы……….. аумағы: 120 шаршы метр, 4 бөлмеден тұрады.

Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы қазанында №6 бланкіде көрсетілген         бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.

Осы  уақытқа  дейін  көрсетілген  пәтер  ешкімге  …………….,  қарыз

……………,  салыққа  берілген  жоқ  және  ……………болған  жоқ,  …………….

қойылған жоқ.

Келісімшартты ресімдеуге байланысты………………… азамат Ахметов

Ерлан Елдосұлы төлейді.

Тараптардың  ……………….  анықталды,  олардың  құқықтық ……………..

қабілеттілігі  және  сатылатын  пәтердің  Ахметов  Ерлан  Елдосұлына

…………….. екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні………… оқылды.

Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік………… алынды.

ç Тапсырмалар:

  1. Тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз.
  2. Тұрғын үйді сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
  3. Тұрғын үйді ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
  4. Жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
  5. Жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
  6. Жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз.
  7. Автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
  8. Автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
  9. Автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
  10. Пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
  11. Айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.

 

h Сөздік және сөз тіркестері:

келісімшарт                                    – контракт

сатушыға тиесілі                             – принадлежащий продавцу

ешкімге сатылған жоқ                     – никому не продан

қарыз өтеу                                      – уплата долгов

менің қатысуым кезінде                  – в моем присутствии

талап қойылған жоқ                        – под арестом не состоит

«Тұрғын үй қарым-қатынастары     – Закон «О жилищных туралы» заң                        отношениях»

төменде қол қоюшылар                   – нижеподписавшиеся

сату-сатып алу                                – купля-продажа

маған тиесілі                                   – принадлежащий мне

анықталды                                      – установлен

тіркелді                                           – зарегистрирован

мәміле                                            – сделка

жекеменшік құқығы бойынша         – по праву собственности келісімшарттың негізінде          – на основании контракта жалпы пайдалы ауданы     – общая полезная площадь

құрайды                                             составляет

осы уақытқа дейін                           – до настоящего времени

бағалау                                           – оценивать

жеткізу                                           – довести, донести

болып табылады                              – является

бұдан әрі                                         – в дальнейшем

екінші жақтан                                 – с другой стороны

….. бастап ….. дейін жарамды         – действительно с ….. по …..

жеке басы                                       – личность

кепілге берілмеген                          – не заложен нотариалды түрде куәландыру           – нотариально заверить

осы келісімшарт жасағанға дейін     – до заключения настоящего

контракта

тараптардың міндеттері                   – обязанности сторон

көрсетілген                                     – указанный

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *