ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

 

 

Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары тура- лы келісімді реттейтін құжат.

Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және

«жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі.

Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат.

Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:

  • Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер;
  • Уақытша жұмыс істейтіндер;
  • Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер;
  • Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер.

Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баянда- лады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы өтініші негіз болады.

Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен

«жұмысшының»  қолы  қойылып,  мөрмен  куәландырылады.  Оның  бірі – мекемеде, екіншісі – жұмысшыда сақталады. Мекеме мөрімен куәландырылады.

6 Құрылымы:

  1. Құжат атауы.
  2. Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы.
  3. Екі тараптың толық және шартты атауы.
  4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі.

 

  1. Келісім типі (негізгі жұмыс, әлде қосымша істелетін жұмыс).
  2. Келісім түрі (шектеулі мерзімге ме, әлде ұзақ уақытқа ма).
  3. Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін).
  4. Сынақ мерзімі.
  5. Жұмыс берушінің міндеттері мен құқықтары.
  6. Жұмысшының міндеттері мен құқықтары.
  7. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат.
  8. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.
  9. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет.
  10. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет.
  11. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (келісім кей кезде бұзылуы я болмаса, қайта қаралуы мүмкін).
  12. Келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі.
  13. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері.
  14. Екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура).
  15. Келісімге қол қойылған күн.
  16. Келісім қосымшасы (егер бар болса).

 

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.

  1. Құжат атауы:

Құжаттың толық атауы мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 ин- тервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы:

 

№4 ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ

 

  1. Келісімнің жасалған орны мен күні:

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен елді мекеннің атауы сол жаққа, дата оң жаққа жазылады. Мысалы:

Алматы қаласы 23 қазан 2000 жыл

 

  1. Екі жақтың толық және шартты атауы:

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми атауы және келісімде алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті атынан универ- ситет ректоры профессор Е.Н. Нүсіпов, бұдан былай қарай келісімде

«жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан техника ғылымдарының кандидаты А.Бердібеков бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.

 

  1. Жұмыстың сипаты мен мазмұны және оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі:

Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны атқаруға қажетті білік- тілік дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы:

Жұмысшы Бердібеков Азамат Оспанұлы қазіргі теориялық механика кафедрасына доцент болып қабылданады.

 

  1. Келісім типі:

Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі, я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына  қосымша  істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы:

«Бұл еңбек келісімі, негізгі жұмыс келісімі, қосымша істейтін жұмыс келісімі» (керектісінің асты сызылады).

 

  1. Келісім түрі:

Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жө- нінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы:

«Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырған- дықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады».

 

  1. Келісім мерзімі:

Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар санмен де, жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мы- салы:

«Келісім (2000 жылдың 20 мамырында) екі мыңыншы жылдың жиырмасыншы мамырында күшіне енеді».  «Келісім  (2001  жылдың  20 мамырында) екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында  өз күшін жояды».

 

  1. Сынақ мерзімі:

Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі.

Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы:

Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай сынақ мерзімімен қабылданды.

 

  1. Жұмысшының міндеттері:

Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсеті- леді.

 

Мысалы:

  • жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
  • келісімнің 3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
  • техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
  • мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
  • ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.

 

  1. Жұмыс беруші міндеттері:

Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай- тылады. Мысалы:

Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.

 

  1. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:

Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы:

Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында жұмысшы көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мы- надай жеңілдіктерге кепілдік береді:

а) Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;

ә) Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132 Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;

б) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.

 

  1. Еңбек пен демалыс тәртібі:

Бұл бөлікте жұмысшының еңбек тәртібі, оның ерекшеліктері айтыла- ды. Мысалы:

Жұмысшыға 5 күндік (40 сағаттық) жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.

 

  1. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:

Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім жағдайына қарай:

а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына          теңге); ә) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына теңге);

б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық төлемақы мөлшерінің   пайызы);

в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);

г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, па- йызбен) көрсетіледі.

 

  1. Демалыс алу тәртібі:

Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы:

«Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай екі бөлікке бөлініп те беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде бес жұмыс күнінен тұрады.

Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік шешімімен беріледі».

 

  1. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарт- тар:

Бұл бөлікте келісімнің негізгі бөлімдерінде айтылмаған, екі жақтың қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы:

«Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі». «Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса, ұйымның балабақшасынан орын беріледі» т.б.

 

  1. Келісімдегі ерекше жағдайлар:

Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше жағдайлар айтылады. Бұл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады.

 

  1. Келісімнің тоқтатылуы:

Бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі.

Мысалы:

«Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:

  • екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда (бұл жөнінде келісім аяқталудан 1 ай бұрын жазбаша хабарлауы керек);
  • мезгілінен бұрын, егер екі жақтың бірі үнемі өз міндетін орындамаған жағдайда;

кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда.

Келісім мезгілінен бұрын тоқтатылатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне мерзімінен 15 жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлауы керек».

 

  1. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:

Бұл бөлікте екі жақтың толық мекенжайы мен реквизиттері жазы- лады. Жұмыс беруші мекенжайы сол жаққа, жұмысшы мекенжайы оң жаққа жазылады. Мысалы,

«индекс 480100,                                         «индекс 480005,

Алматы қаласы,                                        Алматы қаласы,

Сәтбаев көшесі,                                        Тастақ ықшамауданы,

Қаныш Сәтбаев атындағы                        №2 үй, 89 пәтер,

Қазақ ұлттық техникалық                        А.Ж.Бейсенова»” университетінің ректоры Е.Н.Нүсіпов»

 

  1. Сигнатура: /екі жақтың қойылатын қолы/.
  2. Күні: /шартқа қол қойылған күн/.

Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі басқа ісқағаздарындағы сияқты.

 

  1. Келісімге қосымша:

Егер келісімге қосымша берілетін құжат немесе мәліметтер болса, ол жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып, ескерту жазылады.

, 1-үлгі

 

№7 Еңбек келісімі

 

Алматы қаласы                                                                      7 сәуір, 2009 жыл

 

«ВЕН» ААҚ-ның директоры, Мамыров Дәулетқожа Қуанышбекұлы, бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан Бизнес экономикасы факультетінің аспиранты Бейсеев Хамит Жәнібекұлы, бұдан былай келісімде «жұмысшы» деп аталады.

 

 
   

 

Жұмысшы Бейсеев Хамит Жәнібекұлы қазіргі «ВЕН» ААҚ-ның бас экономисі болып қабылданды.

Бұл еңбек келісімі – негізгі жұмыс келісімі.

Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады.

Келісім (18.05.2008) екі мың сегізінші жылдың он сегізінші мамырында күшіне енеді, (18.05.2010) екі мың оныншы жылдың он сегізінші мамы- рында өз күшін жояды.

Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді.

 

Жұмысшы:

ü Өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;

ü Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;

ü Техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

ü Мемлекеттік құпияны жария етпеуге;

ü Ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

 

Жұмыс беруші:

ü жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы үшін қалыпты жағдай жасауға;

ü қазіргі күші бар еңбек заңдары актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмысшыға алты күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес, жұмысшы өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.

Жұмысшы еңбегі үшін «компания» бірыңғай тариф кестесі негізінде жүз елу мың (150000) теңге көлемінде әр айдың штат кестесіне сәйкес еңбекақы белгілейді.

Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы он сегіз жұмыс күн мөлшерінде ақылы демалыс беріледі.

 

Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:

ü Екі рет келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;

ü Кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;

ü Компанияда қысқарту болған жағдайда;

ü Жұмыс көлемінде қысқарту болған жағдайда;

ü Заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде.

 

 
   

 

Екі жақ келісімнің барлық шарттарымен келісті. Екі дана етіп жасалған еңбек келісімінің әрқайсысының заңдық күші бірдей. Екі жақтың әрқайсы- сына бір данадан беріледі.

 

Жұмыс беруші:                                                             Жұмысшы:

«ВЕН» ААҚ-ның директоры                                    Х.Бейсеев Д.Мамыров

 

                                                                                                                                                                    

Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 36

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Еңбек келісімі нені реттейді?
  2. Жеке еңбек келісімі мен ұжымдық еңбек келісімінің айырмашылығы неде?
  3. Жұмысшылар қандай категорияларға бөлінеді?
  4. Еңбек келісімінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
  5. Еңбек келісімі неше дана жасалады?
  6. Еңбек келісімі кімде сақталады?

 

 

Тілдік бірліктер:

 

•  жұмыс беруші және жұмысшы

•  екі жақтың толық және шартты атауы

•  еңбекақы төлеу

•  еңбек тәртібі

•  келісім мерзімі

•  біліктілік дәрежесі

•  уақытша бос тұрған орын

•  келісім шектеулі мерзімге жасалды

•  сынақ мерзімі

•  жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

•  жұмысшының міндеттері

•  қосымша жұмыс күні

•  демалыс алу тәртібі

•  қолайлы жағдай жасау

•  ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі

•  құпиялылықты сақтау

•  жұмысшыны көтермелеу

•  төлем аударым түрінде жүргізіледі

•  сегіз сағаттық жұмыс күні

 

 

•  сынақ мерзімі

•  келісім күшін жоятын жағдайлар

•  үстеме жұмыстар

•  келісім мынандай жағдайларда тоқтатылады

 

  • жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

 

Негізгі

жағдайлары

Жұмыс

қойылады

Еңбек

міндеттері

Қоса

жұмыс орны

Жұмысшының қолы

мерзімі

Жұмысшының

беруші

Сынақ

атқарушылық

  • жаттығу. Баламаларын табыңыз.

 

1.Келісімшарт нысаны.

□ В случае нарушения трудовой дисципли-

ны.

2.Тараптардың    жауапкер-

шілігі.

□ Споры, возникшие при исполнении

настоящего договора.

3.Міндеттер орындалмаған

□ Индивидуальное трудовое соглашение.

4.Еңбек     тәртібін                    бұзған жағдайда.

□ В соответствии с ныне действующими за- конами РК.

5.Осы келісімшартты орын-

дау барысындағы даулар.

□ Предмет договора.

6.Тараптардың   міндеттері

мен құқықтары.

□ Ответственность сторон.

7.Жеке еңбек келісімі.

□ Обязанности и права сторон.

8.Қазақстан Республикасы- ның қолданыстағы заңда- рына сәйкес.

□ В случае невыполнения обязанностей.

ç Тапсырмалар:

  1. Сіздің мекемеңіз – кілем фабрикасы. Фабрика көрме ұйымдастыруда. Көрмежайды безендіру үшін суретші-дизайншы З.Құрманұлымен еңбек келісімін толтыруыңыз керек.
  2. Сіз «Техника» шағын кәсіпорнының кеңсесіне жөндеу жүргізуге келісім бердіңіз. Еңбек келісімін толтырыңыз.

 

  1. Сіз өз мекемеңіз «Әділет» банкі қызметкерлеріне арнап семинар өткізуге экономист-маман Л.Мақсатқызын шақырып отырсыз. Еңбек келісімін толтырыңыз.

h Сөздік және сөз тіркестері:

келісімшарт                                 – контракт

еңбек шарты                                – трудовой договор

еңбек келісімі                              – трудовое соглашение

жұмыс беруші                             – работадатель

жұмысшы                                    – рабочий

міндет                                         – обязанность

ерікті түрде                                 – по собственному желанию

еңбек міндеттері                          – трудовые обязанности

еңбек өтілі                                  – трудовой стаж

қызметкер                                   – сотрудник, служащий

еңбек дауы                                  – трудовой конфликт

іссапар                                        – командировка

өтемақы                                      – возмещение

жалақы                                        – заработная плата

қауіпті                                        – опасный

зиянды                                        – вредный

ауыр дене жұмыстары                  – тяжелый физический труд еңбек құқығы қатынастары         – трудовые правоотношения жеке                 – индивидуальный

жеке еңбек келісімі                     – индивидуальное трудовое соглашение

негізгі жұмыс орны                     – основное место работы

қоса атқарушылық                       – совместительство

бұдан әрі қарай                           – далее

ұзарту                                         – продлить

ажырамас бөлігі                          – неотъемлемая часть

еңбек демалысы                           – трудовой отпуск

еңбек тәртібі                               – трудовая дисциплина

еңбекақы төлеу                            – оплата труда

еңбекақы төлеу туралы                – в соответствии с положением ережеге сәйкес          об оплате труда

жұмыс берушінің құқығы            – право работодателя жұмыс берушінің құқықтары    – права и обязанности мен міндеттері         работодателя

жұмысқа шықпау                        – невыход на работу

қатаң сөгіс                                  – строгий выговор

қолайлы жағдай жасау                 – создание благоприятных условий

 

қосымша демалыс                        – дополнительный отпуск

құпиялылықты сақтау                  – сохранять секретность, конфиденциальность

жұмысшыны көтермелеу              – поошрять работника жұмысшының еңбек жағдайы – условия труда работника мерзімінің аяқталуына – по истечении срока байланысты

сегіз сағаттық жұмыс күні            – восьмичасовой рабочий день сынақ мерзімі            – испытательный срок тараптардың міндеттері                – обязанности сторон

тәртіптік және материалдық         – привлекать к дисциплинарной жауапкершілікке тарту       и материальной ответственности төлем аударым түрінде – оплата производится жүргізіледі      перечислением

үзіліссіз еңбек өтілі                     – непрерывный стаж работы

үстеме жұмыстар                         – сверхурочные работы

үстемақы, қосымша ақы               – устанавливается в виде надбавок түрлерін белгілейді         и доплат к заработной плате

үш күндік орташа жалақы            – в размере трехдневного мөлшерінде           среднего заработка

ішкі тәртіп ережесіне сәйкес        – в соответствии с положением о

внутреннем распорядке

Әбутәліп О.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *