Әншейін, жайша, құр, әшейін, бекер, жай, босқа

 Жайдан-жай,бос-тан-бос, текке. Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, әншейін күн өткізбек әңгімеге, тыңдар едің бір сөзін мыңға балап(Абай). Кейбіреулері шылым тартады, екіншілері жайша дем алып отыр (М. Ғабдуллин). Бағана-дан бері әкесі мен баласының сөзін құр тыңдап отырған Жаған сөзге кірісті (I. Есенберлин). Бастапқы кезде Жақып мұның бәрін әшейін ойын шығар деп отырды (Б. Майлин). «Жаман да болса ұлың зор тусын» деп, қазақ бекер айт-қан ба? (Қ. Жұмаділов). Ақмола оязынан шақырылғандар кешіккен себептен бес-алты күн жай жаттық (С. Шәріпов). «Қатынды бастан, баланы жастан» деген мақалды қазақ босқа айтпаған болар (Д. Еркінбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *