Әнпаз, әнқұмар, әнқой, әншіл

Әнді ұнататын, ән салғыш. Әнпазауыл адамдары үркер ауғанша Біржаннан ән үстіне ән қолқалап отырып алды (X. Ерғалиев). Әнқұмар қауым соңғы жылдары халық әндерін қалпына кел-тіріп, жаңартуда жақсы табысқа жетуде («Мәдениет және тұрмыс»). Кешелі бері ауылдың әнқой жастары бүкіл маңайды ән-күйге бөлеп, үлкен дырдумен жүр («Лен. жас»). Қошалдың ақын жанды әншіл халық, Жүректен күз де, қыс та, жаз арылмай (Ж. Молдағалиев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *