Тұрды жігіт сертінде,
Жас жауынгер,
һәм ақын.
Күшің барда бір көрін,
Қойсын мейлі арқандап…
Темір торын
Түрменің
Қанатымен талқандап.
Қанатының астынан
Шашыраған шоқ қалып…
Зымырайды,
Хас қыран,
Туған жерді бетке алып.
Жерге түссе,
Хас тұлпар,
Бауыр жазып далада…
Зымырайды жас сұңқар,
Бұлтқа,
Желге қарамай.
Жан жүрегін кек қысып,
Бетпе-бет кеп,
Дәуірмен.
Кетті сұңқар,
Көкке ұшып,
Араласып дауылмен!
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ