ЭЛЕГИЯ

Тыпырлаған жүрегім
Тыр жалаңаш күйіммен.
Жылы сумен «жуылған»
Жыл тоздырған миыммен.
Жүрек мола басында,
Құлпы тас боп елеске .
Шекелесіп келемін
Шешілмейтін түйінмен.
Қап-қараңғы жанардан
Қып-қызыл жас жосылып.
Бəтшағардан аларған,
Ақшалы аңнан шошынып.
Ақша қардың жүзіне,
Айдан тамған алаудай.
Жылу сеуіп жылтырақ
Жылым кештім
«Тосылып».
Күнін кешем азардың
Жүрегі күп пендедей.
Шүленімін базардың
Құны түскен теңгедей.
Ұры тістен у шыққан
Тəйтік…
Нəумез пəниден
Тайқып, тантып танаптап
Қайтып барам желбегей.
Кек-келдектен көбліккен,
Кекілдігім, күлкілі,
 
Шектен кеткен ерлікпен
Шермендікті сілкідім.
Құдай берер үмітім
Құйырығында түлкінің.
Күйсіз күлік, күн түні
Сүлік сорған сүлкінім!
1993 жыл, көкек
 
Хақ төбеде Қалың жұлдыз
«Микроп!»
«Қаз бауырын күйдіреді шикіл от…»
Бəз кейпіне тағы келді-ау,
Тағдыр-ай!
Əз Бейбарыс əлсізденіп
Күлкі боп…
Қолаңсаны қолтығына жиып ап,
Қорамсаның оқтығына от ұйымақ…
Толарсағым борық құмда тұрғанда
Жон-арқаны азат ету қиын-ақ!
Доңғалақ күн
Жұпынылау жуас көк.
Сор зұлматты қорғалатқын дуа істеп.
Естай əнін жұтып қойды
Көзсіздер
Кесті аяғын ессіз сұлтан шуаш деп….
Төр…
Мөр…
Алтын…
Төр алдында əн күй көп,
Көр аузында көз ойнайды-
Тəн билеп.
Мөндібас шөп соған бодан секілді
Мөлдір шықты əлдилеп тұр
Əлдилеп…
30.09.1992
 
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *