СҰРАҒАН РАХМЕТ ӨЛЕҢДЕРІ

Бұлттар қалқиды биікте көлеңкесі ауыр
Көкек еңіреп оянды ана талдағы
Сəуір кісінеп бір сəт,
Алақандағы.
Тұмса бұталар жанары балапандады,
Сағымдар жұп-жұмсақ көрпесін жабады,
Иісі нəр дала демінің.
Бидай сабанында жаны,
Сорады таулардың сала желінін.
Қаздар қаңқылын лақтырды төбеден
Тамшыға байлап.
Өлең боп өреді сосын, өлеңмен
Қаңсыған аймақ.
Аппақ пырақтар бусанып, жусайды табаны
балқып.
Айдың арайын төгеді шаршы маңайға
Тізбегі құстың – түздегі ұлар-шу,
іздегі жаршы.
Жапырақ жаныңды жалына тартады
біздегі əр шың.
Сағыныш самайдан баяу сипайды
Кезең жақтағы.
Ақ үйлер. Салт аттар кермеде
Көк ала желегін көкке жаяды
Тезек жаққан үй.
Күй сыңсып пернеде.
Белегір, тоңғақты қозы, ырысты үйлесім,
Өлең ырғақты
Көк жиегінде əжем түймесі,
Сере құндақты.
 
СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *