Биік үйлер, үрейлі үйлер иен молаға ұқсаған
Тірі өліктер ұйығы.
Айқайлайды асқазандар қасап жақтан шықса қан,
Өркениеттің сыйы бұл
Биік үй.
Ызғар, аптап, сазды қыртыс, əуен қайтқан құстармен…
Жан тынысы-көлеңкенің ұйығы
Əр қызығын өлшеп, өңдеп өңшең градустармен,
ықтап жатады тұйығын.
Биік үйлер, үрейлі үйлер иттері нəн үретін;
Кабурлерде күшіктер…
Тас балшықпен тас сана өсіп тас сорады тірі етің.
Тор ішінде түсіктер.
Биік үйлер, биік таусыз, жансыз, нəрсіз, жусансыз,
Сыра жалап жəндіктер…
Қан базарда зəр де, зар да, мал да мұнда шу сансыз,
Бұратана бандиттер,
Құла алаңды күреп-күреп, тұрақ соққан ісімер;
Күн көсемнің балиі…
Кеудедегі түрмелерге шырақ жағып кісілер…
?…
Лə-ми-ім…
Көзімнің алды көгілдір оттар
Жалқын əн…
Еріні кезерген кең іңір.
Етегі көлбең, көл-көсір мейірім,
бал тұман?!
Желкесі жібек, жеңі нұр.
Қара түн мүлгіп жаяды шашын
Мұң – ару
Өліара өңді шың, құздар
Мың ғасыр бұрын жазу боп
сөнген сыңарың…
Кірпікте шықтар, жұлдыздар…
Кеңістік алдың, өрмекші торы
ай ізі.
Аяулы шөптер, тай жалы?..
Жиекте жібек жиденің қызғылт
қайызы;
Ай ізі сансыз найзалы.
Жып-жылы шығыс, көгілжім
ұлпа жабағы,
Үркермен жусап Иек қыр
Жаудырап тұрған аршаның
бір тал сабағын,
Қобыздың үні сүйеп тұр.
Аспанымнан ағады өнімі жоқ
татыр Ай.
Мезгілі бар екі өңмен
Мың шегіртке секілді,
Уақыт-ай, апыр-ай!
Қарғып өткен шекемнен.
Уақыттан ұрлап ем, ұзақ тұрмас
таңды бір.
Қоразы кеп шақырды,
Үзігіндей өлеңнің.
(Қызыл шоқ боп жанды қыр).
Шырағдандай ақырғы…
Көздің алды бағалы – өрнегі сəн күміс қар,
Ши басына күйреген
Жасыңды кеп сүртетін, көлбеген
сан дыбыстар
Естілмеген сирек ең.
Таң бедерін жалады жан бітіріп
жыр кеме,
Тағы мұнар дымы…
Сай бұлағы кісінеп жетіп келді
іргеме
Ағыны бар жылы.
СҰРАҒАН РАХМЕТ