КҮПІРШІЛІК

Тағдыр талайы мазамды алады,
Мейлі, ол менің тазармағаным.
(Талып естілген азандағы ағын…)
Тазару шарт емес,
Жақсы болам де,
Ажалға бағын…
Адырға орнатқан алтын моласын.
Жұмақтың жайлап салқын қорасын.
Пəниде жүргеннен рухың жарқын
Теңдессіз өткен «марқұм» боласың.
Күй теңгелейді,
Күн күліп тымық.
Қажаламайды, дəйім
Жынды үміт қылық.
Ойнайтын дауыл жоқ
Білтеңді жасқап,
(ауаға сіңесің тəніңді тастап…)
Жолыңа шалынған күлікті мініп.
Ақын білмейді тоқырап басуды,
Үйренген тағдырдың отын ап қашуды ол.
Өресін, өндірін кебінмен қаптаған
Көресің ең сорлы тобырдан,
Ең соңғы реткі топырақ шашуды.
10.12.1994
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *