Шұқылай берме сен мені,
Сөз деген, міне, табылар.
Ғылымын білсең, ғанисың,
Халықтың өзі жалынар.
Сегіз кісілік көтерем,
Сере қарыс жалы бар.
Бір кісілік те әлі жоқ
От басында отырсақ,
Бес дуандық әлі бар,
Тірі болсаң көрерсің,
Неше түрлі дәмі бар.
Жақсы оқу оқыса,
Жетпіс түрлі дәмі бар.
Көңлің жасып көрген соң,
Қайғыменен қабығар.
Жақсылық қашан болар деп,
Құдайға да зарығар.
Қимылдарға дәрмен жоқ,
Шығар-шықпас жаны бар.
Күндіз-түні қапаста,
Қолға түскен ақ тұйғын
Ол да тұғырын сағынар.
«Қара қалмақ» деген халық бар,
«Жаратқан құдай осы» деп,
Май салып отқа табынар.
Қолдан келер дәрмен жоқ,
Қарт буралар шабынар.
Орыстарға қарасаң,
Бұ да креш тағынар.
Жанат пен тозақ кіліті,
Білім білсең – табылар.
Осылай ғып сөйлеймін,
Айыпқа қоспа, жамағат,
Сыйласу керек дүниеде,
Шыбын жаның аманат.
Күнәні сөйтіп табамыз,
Бергеніне Алланың
Қылмаймыз деп қанағат.
Дүниә көп – ха – жан болса,
Иммәт қылып жетерміз,
Болсақ егер саламат.
Қабан (Қабылиса) Асанұлы