Жігіт бол, жігіт болсаң, тал жібектей,
Жарамас қатты болу тікенектей.
Білімің ұшан-теңіз болса дағы,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Күнінде кезендінің кездесіп қал,
Бәйгеге ұлы дүбір өткен көктей.
Мысалы қарекетің сол секілді,
Алмайсың егін орып, тұқым сеппей.
Қай біреу алтын басын қор қылып жүр,
Қай біреу зарығып жүр қолы жетпей.
Жаманның қолы тисе бір мансапқа,
Шошаңдар жалғыз өзі ешкімді ертпей.
Қабан (Қабылиса) Асанұлы