Тұзағына тұтылып сан айланың

Тұзағына тұтылып
сан айланың
Аңғалдықтың тартсақ та талай дәмін,
Жанымызды жасытпай өтсе бопты,
Өкіндірмей,
өксітпей қалай да күн!
Артымыздан ерсе де
не түрлі өсек,
Бопты да, дос, тірлікте өкінбесек.
Өкінбесек
өтті деп өрт бір күндер,
Халқымызға
қадірді кетірмесек
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *