Азаматқа айып тақпас ел нендей,
Сабыр ет те,
Сабаңа түс,
Сеңделмей!
Қарап тұрып қапалану деген не,
Заманақыр саған ғана келгендей!
Жат құлаққа жақпады ма сендегі үн?
Бүгін тіпті бұрынғыдан өр көрін!
Жала жапса –
Жақсылығым деп түсін,
Көрген жоқпыз жаманға сөз ергенін.
Сәкен Иманасов