ҚОШБОЛ, СƏУЛЕМ

Қош бол, сəулем, қан майданға жөнелдім,

 Жаным барда жаудың жолын бөгермін.

Я болмаса омырауымнан оқ тиіп,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін.

Кейде аспанның аясынан жалт беріп,

Сорғалаған жұлдыздай боп сөнермін.

Жазғы гүлдей жасөмірдің үмітін,

Қойны суық қаражерге көмермін.

Қара түнге көп қадалып тесіле,

Алып  мені, қалқатайым, есіңе

Батар күндей бір өртеніп, басарсың

Торқа болған топырағымды төсіңе.

Жылағанмен өлген адам оралмас,

 Бұлбұл қайтып бақшасына қона алмас.

Сүйіп-ақ қой басқа жанды, сондада,

 Нақ өзімдей бір сен үшін бола алмас.

Қошбол, сəулем, қан майданға жөнелдім,

Жаным барда жаудың жолын бөгермін.

Бұлт астынан шыққан күндей жарқырап,

Күте берсен, мен оралып келермін.

С. Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *