Адамдық ізгі жүрек ары үшін,
Қорғасам қан майданда ел намысын.
Сарғайып атқан таңдай сəуле беріп,
Сақтаған сары алтындай сағынышың
.Сөнер өрт, түсер əлем қалыбына,
Жарыңның жадырарсың жанын ұға.
Соғыстың ызғарынан арылармын,
Жылынып жүрегіңнің жалынына.
- Волхов майданы
С. Мәуленов