ЖҰБАТУ ЖЫРЫ

Қамықпа сен, көктем де оралады,
Бар əлем жылулыққа оранады.
Көзіңде тұрған қатып бір тамшы жас,
Ериді, жоғалады.
Құдіретін сыйлайды саған əлі,
Өтер-кетер күндер де санамалы.
Жусан исі бұрқырап, жұпарға орап,
Рухыңды оятады даладағы.
Тентек теңіз кеудесі дамыл алып,
Шағалалар шалқарға қонар əлі.
Шың басына шығып ап ару – арман,
Саған əлі бұлғайды орамалын.
Еркіндіктің ақ қанат періштесі,
Арнайды саған əнін.
Қамықпа сен, өмірге бекер налып,
Кесеңдегі бақыттың шарабына,
Көз жасың кетер тамып…
28 қараша 1992ж
 

Мұрат ШАЙМАРАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *