ВОЛХОВ

Долы ағын иіріліп, шұбатылып,

Толқыны тоқсан тоғыз бұратылып.

Шашылған зеңбіректің оттарындай,

Ақ көбі кайдынында тұратылып.

Орыстың қарт өзені көпті көрген,

 Қол беріп қоса аттанған кектілермен.

Майданда жапырағын жалын шалып,

 Солдатша киініп ап өтті өрден

.Шұбалаң көш тəрізді шұбатылған,

Жыл өтер жыл жыпылғи жыл артынан.

Достардың қабірлері тұрар сонда,

 Жас торқа топырақпен тыңайтылған.

Арқырап өр толқыны жарын ұра,

 Бойбермес жаудың Волховарынына.

 Ертең күн қызғалдақты гүл өсірер,

Қалаулы ұлдарының қабырына.

  1. Волхов майданы

С. Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *