Мұхтарға

(Мұхтар Әуезовтің 110 жылдығына)
 
Шыққан төбең биік, Мұхтар атың,
Абайды Абай етіп даңқ тараттың,
Абаймен қос егіз боп шыққан атың.
Әсілі ақын жанын ұққан ақын.
Ел жүгі еді Абайдың көтергені,
Бейқам қазақ оянды еті өлгені.
Абайды сен жеткіздің, арманына,
Сенің сол қызметіңнің өтелгені.
Сан жылдар, сансыз күндер қазбалаған,
Сансыз қағаз түндерде жазбалаған.
Қазақ тұрмыс-салтының шежіресі,
О ұстаз, бар ма сенен озған адам?!
Ерге лайық еңбегің еленді ғой,
Ұлы атаққа қос жұлдыз кенелді ғой.
Жер жүзі ұлы Абайды тойлағанда,
Бар қазақ абыройға бөленді ғой.
Сөз өнердің жұлдызы – шырағымсың,
Қазақ сөзін әр қазақ ұға білсін.
Қазақ тілі ұлы тіл – менің тілім,
Қайнар көзі сен, аға –бұлағымсың.
«Орыс жанының айнасы, деп Толстойды»,
Ғасырлар өтті бастағалы орыс тойды.
Мен теңесем, Мұхтарды сол адамға,
Қане, менің мұнымды кім теріс дейді?!
Жер жүзіне ұлы ағам танымалы,
Мақтаныштан әр қазақ «жарылады».
Бір ақын жоқ атын бір атамаған,
«Ұлы ұстаз! » деп ағаға табынады.
Мен де ақынмын кей-кейде ағыламын,
Жаман өлең жазуға арынамын.
«Абай»,– десе, еске алам мен Мұхтарды
«Мұхтар»,– десе, Абайға табынамын.
 
Қаһарман Бекежанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *