Бір адам

 
Таусылмайды дүниенің тірлігі,
Өмір деген өте шығар бір күні.
Тіршілікке жылу берер тек қана,
Адамзаттың татулық пен бірлігі.
Арылмасын мейлі басың күнәдан,
Дос табылмай саулығыңды сұраған.
Бақыттысың сонда-дағы жаныңда,
Қамқоршың боп жүрсе егер бір адам.
Бар дүние айналса да сағымға,
Ілесе алмай қалсаң-дағы ағынға.
Бір жылуды сезінеді жүрегің,
Жалғыз адам болса егер жаныңда…
 
Айнұр Жаппарқұлова
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *