Ата-анамыз ыстық құшақ, бәйтерек,
Болмаса олар айтшы, достар, қайтер ек.
Өмірдің сен ұстай алсаң жалауын,
Таптым дей бер ата-ананың қалауын.
Адам болса ел ішінде ұл-қызы,
Жанды-ау шүкір, ата-ананың жұлдызы.
Ата-ана мақтанышың – байлығың,
Ата-анасыз болар ма екен жайлы күн.
Ата-ана – аспаның, баспанаң,
Ата-анамен думанды ғой астанаң.
Ата-анаңның көңіл бөлші сөзіне,
Тік қарама! Адам болсаң көзіне!
Ата-анаңның ыстық әркез құшағы,
Ата-ананы адал ұлдар құшады.
Есейсек те ата-анаға сәбиміз,
Бақытсыз ғой ата-ана да сәбисіз.
Әр ата-ана адам қылса баласын,
Оған онда ешқандай жоқ таласың.
Жақсылығы ата менен анаңның
Кең тарқалған асты-үстіне ғаламның.
Арындасаң қанша-қанша арында,
Ата-анаңның аман-есен барында.
Ата-анасыз бұл өмірің жат маған,
Ата-анамен қуанамын, мақтанам.
Мұз боп қатып, от боп күйіп-жансақ та,
Ата-ана үшін жүгірейік сан-саққа.
Өткерсек те дүниенің парызын,
Өтеу қиын ата-ананың қарызын.
Ата-ананың дайым-дағы көңілі,
Перзентте боп өтеді екен өмірі.
Ұстай білсең адалдық пен арыңды,
Ата-анаңнан аяй көрме барыңды.
Туылған соң ата-анадан адал боп,
Сен оларға күйік болма надан боп.
Ата-анаң екінші бір өмірің,
Көтере біл пәстеу болса көңілі.
Боран Қыдыров