АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОНСЕРВАТОРИЯСЫ, Құрманғазы атынд. — Қазақстандағы музыка мамандарын және сахна әншілері мен аспаптық орындаушыларды даярлайтын мемл. жоғары оқу орны. 1944 ж. Алматы муз.-хореогр. комбинатының негізінде құрылған. Алғашқы маман-ұстаздар арасында Е. Антропольский, Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Кельберг, И. Круглихин, А. Курганов, Б. Лебедев, И. Лесман, Д. Мацуцин, А. Мизонов, Г. Петров, Л. Хамиди, Л. Шаргородский сынды белгілі өнер қайраткерлері болды. Консерватория муз.-хореогр. комбинатының негізінде ашылғандықтан комбинат директоры И.В. Круглихин алғашқы ректор міндетін атқарды. 1945 ж. консерваторияға Құрманғазының есімі берілді. 1945 ж. консерваторияның ректоры болып А. Жұбанов тағайындалды. 1949 ж. халықтық муз. аспаптарын жасайтын тәжірибелік шеберхана, 1945 — 46 оқу жылынан бастап, халық аспаптар кафедрасы жұмыс істей бастады. 1954 ж. Алматы көркемөнер уч-щесінен келіп қосылған актер ф-ті 1978 ж. консерваториядан бөлініп, театр жөне кино ин-тының негізін қалады. Хореогр. бөлімі 1983 ж. хореогр. колледжі болып бөлінді. 50 жылдық тарихында консерватория түлектері арасынан 13 КСРО халық артисі, екі Еңбек Ері, екі КСРО Мемл. сыйл., 7 ҚР Мемл. сыйл. лауреаты, 35 ҚР Халық арт., 30 халықар. конкурстардың лауреаты, көптеген еңбек сің. артистер мен өнер қайраткерлері шықты. Олардың арасында әншілер Ә. Дінішев, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Н. Үсенбаева, комп-лар Б. Баяхунов, Қ Қожамияров, С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, дирижерлер Т. Әбдірәшов, Ш. Қажығалиев, А. Мырзабеков, скрипкашы Ж. Әубәкірова, М. Бейсенғалиев, А. Мұсаходжаева, пианист Г. Кддырбекова, актерлер А. Әшімов, Д. Жолжақсынов, С. Оразбаев, апалы-сіңлілі Нақыпбековалар (Альфия, Эльвира, Элеонора) триосы, Майндағы Франкфуртта Жоғарғы мектептің профессоры, органшы Е. Ванглер, Франциядағы үрлемелі квинтетті басқаратын трубашы А. Эффа, Иерусалимдегі Муз. академияның проф., саксафоншы Г. Геллер, батыс еуропалық көптеген муз. академиялардың құрметті академигі, композитор Н. Каретников, т.б. талантты түлектер шетелдік өнер сүйер қауымның да ілтипатына бөленген. 4 факультет, 20 кафедра, күндізгі және сырттай оқу бөлімдері жұмыс істейді. Консерваторияда дыбыс жазу кабинеті, нота кітапханасы, халық-аспаптар (жетекш. А. Мырзабеков), симфониялық (жетекш. Ә. Нүсіпбаев), камералық (жетекш. Ә. Акбаров) оркестрлер, студенттердің аралас хоры (жетекш. А. Молодов), көптеген халықар. конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, Қазақстанның АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Иран, Италия, Марокко, Түркия елдерінде өткен өнер онкүндіктеріне қатысқан “Мұрагер” (жетекш. Д. Тұяқбаев) фольклорлық ансамблі, қобызшылар ансамблі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *