КЕТЕ РУЫ

КЕТЕ РУЫ
 Бес Естек
Шежіре сөзінің айтуында Тәуке ханның баласы—Сәмеке (Шахмұхаммед) ханның (т.ж.б.—1738) тұсы болса керек. Сәмеке ханның орта жүздегі іргелі тайпаларға билігін жүргізіп, ордасын Түркістанда ұстап тұрған кезі еді дейді. Ел іргесі тынышсыз болып тұрған заман. Еділдің құба қалмақтары орысқа арқа сүйеп, елдің тынышын алып болмаған соң, Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан тізе қосып, екі дүркін (1723, 1726 жж.) жорық жасайды. Екінші жорықта Аюке ханның баласы Серен Дондық хан бітімге шақырып, содан екі жақ та: «Бесіктегі бала ат жалын тартып мінгенше соғыспайық»,—деп келісіп, қанға қол батырып анттасады. осы бітімнен кейін Сәмеке хан бастап барған орта жүздің біраз шаңырағы «Ақтабан шұбырынды дан ес жиғанша» деп, Кіші жүздің жерінде тұрып қалады.
Сол тұрып қалғандардың ішінде орта жүздің Қаракесе гінен шыққан Балта (Балтас) батыр да бар еді дейді. Кешікпей-ақ бұлар ағайын елмен қыз алысып, қыз берісіп, мидай арала сып кетеді. Тіптен, тілі мен ділі бір, тағдырлас-қоңсылас естек термен (башқұрттармен) де құдандалы болып, «ауылы аралас, қойы қоралас» дегендей заман болады.
Содан, арада біраз уақыт өтеді. Балта батыр қартаяды. Мұнда келген соң туған балаларының өзі атқа мініп, ел қамын ойлайтын жасқа келеді. Бұл кезде орыстар құрығын алысқа сермеп, қалмақ демей, башқұрт демей, қазақ демей өктемдігін үдете түседі. Ақыры сол өктемдікке шыдамай, Еділ бойының құба қалмағы—қалың торғауыт қиянда жатқан Алтай сыртындағы ата қоныстарына түріле көшеді ғой. Шежіре сөзінде «Шаңды жорық» деп аталатын бұл көш қалмақтарға қайырсыз болған.
Алтайға әрбір он қалмақтың бірі ғана ілікті деген сөз бар.
«Шаңды жорық» кезінде қазақ пен қалмақ арасында жойқын ұрыстар болған. Сондай ұрыстардың бірінде қалмақ жағы нан шыққан ақ сауытты батырға қарсы екі күн бойы қазақ тар жағынан ешкім шықпай қойса керек. Соғыс шарты бойынша «ер кезегі үшке дейін», жекпе-жекке қазақ жағынан үшін ші күні ешкім шықпаса, онда Кіші жүздің Әжібай биі мен Арал батыры бастаған әскер қалмақ көшіне тиіспей, өткізіп жіберу лері керек. Бұл—әрине, сүйекке таңба. осындай сын сәтте, баяғы Сәмеке ханмен келетін Балта батырдың баласы Қармыс батыр Әжібай бидің батасын алып, Арал батырдың қара сауытын киіп, жекпе-жекке шығады. Жекпе-жекте Қармыс қалмақ баты рын өлтіреді. Мұнан кейін қазақ әскерлері бел алып, қалмақ тар ды көп шығынға ұшыратады.
Сол күннің кешінде қазақ қосындары дамылдап жатқан алапты Әжібай би мен Арал батыр аралап, соғыстан кейінгі жағдайды көзбен көрмек болады. Содан, қалың қосынды аралап келе жатса, оңашалау тігілген бес шатырды көреді. орталарында жалғыз мосыға ілінген шөңкенің астында жалпыл дап от жанып жатыр дейді. Жақындап келіп жөн сұраса, бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жеткен Қармыс батыр бастаған бес жі гіт. Бесеуі де—«сен тұр, мен атайын» дегендей атпал азаматтар. өре түрегелісіп, үлкендерге сәлем береді. Жөн сұраса келсе, бірі—естек, бірі—түркімен, бірі—ноғай, екеуі қазақ, аласапыран заманда тағдырлас болып, Кіші жүздің ішінде жүргендерін айтады.
Сол жерде дуалы ауыз Әжібай би: «Елмен бірге от кешіп, оққа оранған сендерді бұлай бөлектеуге болмас. Бүгіннен бастап бүкіл әулеттеріңмен бесеуің де бас біріктіріп, «Бес естек» деген ру болыңдар, қалаған жерлеріңнен қоныс алыңдар!»— деген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *