Қарамашақ (Төртқара)

Қарамашақ (Төртқара)
(ІІІ нұсқа)
…ол кез—қазақтардың Жоңғар қалмақтарымен жаула сып, қайталап шауып, соғысып жүрген уақыты. Әлімнің балала ры сол кезде Қаратаудың солтүстігіндегі, ұлытауға жақын «Айыртау» жайлауында отырған еді дейді. Сол тұста Қарама шақ 21 жасында қалмақтармен соғысып жүріп шейіт болыпты да, Айыртауға жерленіпті, әйелі жесір қалыпты. Қарамашақтың ағасы Жаманақ қамқорлығына алып, Қарамашақтың ағасы Жаманақ қамқорлығына алып, Қарамашақтың әйелін, яғ ни келінін, жылдық асын берген соң некелеп алыпты. осы төрт қа ра бала Жаманақтың қарамағында қамқорлығында, тәр биесінде өсіпті. Ал Жаманақ болса осы төртеуіне: «Сен, төрт балам, Қарамашақтың баласысыңдар, әкең—Қарамашақ, әкең осы жерде соғыста қайтыс болды, «Айыртауда» жерленді, сендер әкеңнен жас қалдыңдар, әкең Қарамашақ екенін ұмытпаңдар, өскен соң «Айыртаудағы» әкеңнің бейітіне келіп зиярат етіп, дұға оқып тұрыңдар, мен сендерді—«төрт қарамды» ер жеткізіп, ел қатарына қосып жіберсем, арманда жастай марқұм болып кеткен інім Қарамашақтың рухы риза болып, оған деген туыстық, ағалық борышымды ақтаған болар едім»,—деп күніне бір рет айтып, сол қара балаларының құлағына құйып, санасына сіңіре берген екен дейді.
Шешесі, Қарамашақтың жұбайы, әжеміз ұзақ ғұмыр кешіп, сексеннен асып қайтыс болыпты дейді. Сол төрт қара бала Қарамашақтың (қысқартып «Қараның») баласымыз деп өсіпті, Жаманақ атамыз осы балаларды тәрбиелеп өсіріп, ер жеткізіп, әйел алып беріп, ел қатарына қосыпты. отау тігіп, батасын беріп, алдарына мал салып беріпті. Бұл балалар да жауынгер, ер жігіт болып өсіп, қалмақтармен соғысқа қатысыпты. Жауға шапқанда әкесі Қарамашақтың бейітіне барып дұға оқып, сиынып шығатын болыпты да, «Қарамашақ!», «Қарамашақ!», «Айыртау!», «Айыртау!» деп ұрандап, атой салып жауға тиіседі екен дейді. Сонымен сол төрт қара баладан тараған ұрпақтар: «Қараның (Қарамашақтың) төрт баласынанбыз» деп жүріп, елге «Төртқара» атанып кетіпті де, кейін осы руды «Төртқара» деп атапты. Ал Қарамашақтың жерленген жері «Айыртау» олардың ұранына айналып кетіпті. Айыртау деген «Төртқарада» кісінің аты жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *