Тобылдың «Қазан тебер» немесе «Тепер» деп атанғаны
Тобыл—«Қазан тебер» немесе «Тепер» деп атанған. оның мәнісі—Тобыл өте тентек болып өсіпті, әпербақан, ұр да жық, мінезі жағымсыз, бірбеткей бала екен дейді. Бірде Есіл мен Тобылға енші бөліп беріп, елге ас бергелі мал сойғызып, астырып жатқанда Тобыл өзіне бөлінген еншіге риза болмай, өкпелеп, ет асылып жатқан қазанды теуіп, төңкеріп кеткен көрінеді. Сонан бастап ол «Қазан тебер», кейін «Тепер» атанып кетіпті, ал оның ұрпақтары кейіннен «Тепер Қаракесек» руы атанған дейді.