Бес қасқа

 Бес қасқа
… Аласапыран заманда егеулі найза қолға алып күрескен Еламан балалары Бес Қасқа—Көшімбай (Күштібай), Қылжақбас (Қылжықай), Ашан, Қақал, Доғал болады.
«Бес Қасқа» бірнеше күн мен түнге алай-дүлей шайқаста жауға дес бермей, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Бұл бесеуі қайда жүрсе де, соғыста болсын, тамақ ішсін, дем алсын, қашан да бірге болып, бірге жүрген. Қаңды шайқаста ерліктерімен көзге түскен Еламан балаларын Әбілхайыр хан өзіне шақыр тыпты. Хан алдына «Алдиярлап» келген жігіттерден: «Сендер кімсіңдер?»—деп сұрапты. Сонда олар бір кісідей: «Біз Еламанның балалары едік» деп жауап қайтарыпты. «Ал, бәрің бірге неге соғысасыңдар? деген хан сұрағына: «Жалғыз қанша мықты болса да, жауға төтеп бере алмайды, көпке шыдамайды.
Бірге жүрген бізді жау ала алмайды, шепті бұзып жеңе алмайды. Сондықтан да біз бірге ойран саламыз»,—деп жауап берген екен. Сонда Әбілхайыр хан: «Мыналардың аузынан неше түрлі сөз шығады. Бірлік түбі—қуаныш. Бұларды осы ерліктері мен жау жүректілігі үшін «Бес Қасқа» деп атайық»,—дейді. Содан кейін Еламан балалары «Бес Қасқа» атаныпты. Сөйтіп, Еламан руы Қасқа атанып, тарих шежірелеріне «Қасқа» болып еніпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *