(Қарабақ-Уақ әулеті туралы)
Бірде жолаушылап келе жатып Бармақ қалмақтардың қолына түсіпті. «өлтіру керек!»—деп ұрандайды қалмақтар. Қалмақ ханы жөн сұрайды. «Мен жауласуға шыққан жоқпын. Жолаушымын, қаруым да жоқ»,—дейді Бармақ. оны танығандар: «Бұның бізге істемегені бар ма, жоқ қылу керек!»—деседі.
Сонда Бармақ:
—Әй, мен сендерге жалынбаймын. өлтіріңдер!—дейді.
Хан:
—Неше ағайындысың?—дегенде:
—Бес ағайындымын. Жәнібек, Жәуке, Есет, Сәрке—бесеуіміз,—дейді.
—А, бұны құртқанмен, аналар бізді тыныш қоймас, сыйын беріп қайтарыңдар,—деп Бармаққа бостандық беріпті.
оған сол жолы қалмақтар берген қыздан қазіргі Қарабақ уақ әулеті тарапты. 