Көтен
(ІІ нұсқа)
…орта жүз—Қоңырат ішіндегі Жаманбай атасынан Құрбан туады. оның алты баласының бірі «Көтен» деп аталады.
Құрбан қартайып, жасы тоқсанға жақындағанда балалары әкесінің көңілін аулап, елден қыз айттырып, мол етіп қалыңмалын беріп, бір қыз алып беріпті дейді.
Құрбан осы қыздан перзентті болып, оған «атамыз қартайғанда Құдай берді» деп келіндері қуанып, қайын атасынан сүйінші сұрайды. Сонда Құрбан: «Сүйінші алуларың қашпас, әкенікі—некүмән, шешенікі—хақ деген, алдымен баланы барып көріңдер, егер менен туғаны рас болса, көтенінің жиегі болмас, жамбасында алақандай қалы болар»,—депті.
Келіндері жаңа туған нәрестені барып көрсе, Құрбан ат асының айтқандары айнымай келіп тұр дейді. осыдан кейін Құрбанның алты баласының кенжесі «Көтен» деп аталып кетсе керек.