Байлар-Жандар ішіндегі Бөлек
Бөлектің азан шақырып қойған аты Бекболат екен. Кішкентай кезінде үлкен шешесінің баласы Шорапалдың қолында біраз тұрыпты. Бір күні інісін көруге келген Құлшық Бекболаттың көзіндегі мөлтілдеген жасты көріп, әкесіне айтып келеді. Әкесі: «жәутеңдетпей, әкеліңдер баланы!»—дейді. Бұған Шорапал өкпелеп: «Тоқалдың балдарының бөлектенуін қарашы!»—деген екен. Содан Бекболаттан тарағандар «Бөлек» атанып кетеді.