Ошақты туралы
Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты—Тұмар. Қартайған ша шашы ағармапты. Сондықтан жасы кішілер ол кісіні «Қара шаш ана» деп атайтын болыпты. одан туған баланың аты—Атшабар. Бұл есім ру атын алып кете алмайды. одан жараған үрім-ұрпақ «ошақты» атанып кетеді. ол жөнінде мынадай аңыз бар:
Енші алу рәсімінде Тұмардың алдына боз биені жетелеп әкеліп, оның «сауырын тамғала» деп қолына ыстық көсеу беріпті. ол қып-қызыл көсеумен бие санына үш бұрыш тұмарша тамға басыпты. Сол тамғаны кейін ел-жұрт «үш аяқты ошақ тамға» деп кетіпті. Бұл аңыздың бірінші түрі.
Екіншісі—ауылға жау шапқанда біреу малын жетектеп, екіншісі көрпе-төсегін арқалап қашқанда, Тұмар ана үш аяқты ошағын ала қашыпты. үшіншісі—ұлы Атшабарды ошақ басында босаныпты дегенге саяды. 