Шапырашты

Шапырашты
(ІІІ нұсқа)
Бәйдібек би үш некелі болса керек. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден—Байтоқты (кейбір деректерде—Сарыбай) туып, одан өрбіген ұрпақ «Сарыүйсін» атанған. Екінші әйелі Зеріптен—Жалмамбет, одан Шапырашты, ошақты, ысты туған. үшінші әйелі Нүриладан (бұл кісіні ел-жұрт қадірлеп «Домалақ ене» деп атаған) Тілеуберді (жанама аты—Жарықшақ), одан Албан, Суан, Дулат туған.
Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуы бойынша, Бәйдібек би екінші әйелі Зеріптен перзент көріп, қоңырат Қызыл бимен (шежіре деректерінде «Мелде би» деп те айтылады) құдаласып, Мампырашты деген қызын ұлы Жалмамбетке алып береді.
Күндердің бір күнінде Бәйдібек би қосшыларын ертіп, аң аулау үшін салбурынға шығады. Бәйдібектің қостап шыққан салбурыны сәтті болып, қанжыға майланып, қайтуға қамданған күні қан сонар түседі. Аңсақ жігіттер: «Құдай сәтін салып тұр ғой, бір сонарлап, төңіректі шолып қайтайық»,—деген соң Бәйдібек серіктерінің сөзін жықпай атқа қонады. Кешікпей-ақ өзіне ғана сеніп жортқан жалғыз арланның сонарға мөрдей болып түскен ізі кезігеді. Аңшылар: «иә, сәт!» деп шоқыта жөне леді. Сонар күнгі іздің мойны қашық болмайтын әдеті ғой, әнеміне дегенше қасқырдың да бойы көрінеді. Айтса айтқандай, өзіне-өзі сенген есік пен төрдей көкшулан екен, ұзақ жүгіріп, жігіттерді біраз әуре-сарсаңға түсіріп барып әрең соқтырады.
Содан аңшылардың мінген аттары қырауытып, ауылға кештетіңкіреп оралады. Ас-су қамдалғанша жігіттер көкшулан арланды союға кіріседі. Сол кезде көрші-қолаңның бір қыз баласы келіп, сыпайы ғана тілмен қасқырдың бауырын сұрайды. Мұндай тосын қылықты жігіттер елей қоймаған екен, сол жер де Бәйдібек би: «Баланың меселін қайтарма!» деп, қасқырдың бауы рын алдыртып береді. Сонсоң жігіттерінің біріне иек қағып: «байқашы, қайтер екен?» деп, ізіне салып жібереді. Сөйтсе, жерігін басу үшін қасқырдың бауырын алдыртып отырған Бәйдібек бидің келіні Мапырашты екен дейді. Мұны Бәйдібек би бір сыр етіп: «Е-е, Тәңірім, қайырын бере гөр!»— деп, көкейіне түйіп қояды.
Арада біраз уақыт өткенде Мапыраштың айы-күні жетіп, дүниеге бір ұл бала келеді. Баланы Бәйдібек би алдыртып қара са, бір көзі ашық, келесі көзі қысық және алақанында шеңгел деп қысқан қан бар екен дейді. Сол жерде Бәйдібек би: «Ниетті ле гім қабыл болған екен, баланың аты Шапырашты болсын!»—депті. Шапырашты туған соң, жолдасы түспей Мапырашты қайтыс болыпты. Мұны естіген Қызыл би:
8-85
«Бәйдібектен кіндігімді үзбеймін»,—деп ниет білдіреді. Содан Мапыраштының сіңлісі Қарашашты Жалмамбет балдыздай алады. Қарашаш Шапыраштыны бетінен қақпай, ешкімнен кем қылмай өсіреді. Шапырашты дүйім жұртқа даңқы жайылған батыр болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *