
Шапырашты
(ІІ нұсқа)
Бірде Бәйдібек би жанына сенімді серіктерін ертіп, сайланып шығып саят құрады. Аң-құсы жыртылып-айырылатын қалың жынысты кешіп келе жатса, «гүр-р» еткен жолбарыс дауысы естіледі. Бес қаруын сайланып шыққан жігіттер дереу тақым қағып, із кессе, уыздай байталды жығып, етін еңсере жеп жатқан жолбарысты көреді. Жас етке сылқия тойған жолбарысты аңшы жігіттер қаумалап жүріп соғып алады да, «үйі рі мен үш тоғыз» деп Бәйдібек бидің алдына көлденең тартады.
Түз шерісіне Бәйдібек бидің де көңілі толып, жетектегі атқа өңгертеді. Аңшылықтың дәстүрі бойынша аң патшасын соқ қан соң әрі қарай аң аулауды тоқтатып, ауылға бет түзейді.
Бәйдібек бастаған топ сарыала жолбарысты салақтатып бір ауылдың тұсынан өтеді. Сол кезде бұлардың соңына жаулығы желбіреген бір әйел ілеседі. өкшелеп қалмай келе жатқан әйелді байқаған Бәйдібек тізгін тартып жөн сұрайды.
Сонда әлгі әйел:
—Мырзалар, айып болмаса, мына жолбарыстың бауыры мен жүрегін беріп кетсеңіздер,—дейді.
Бәйдібек сөзге келместен әйелдің тілегін қабыл алып, жігіттеріне жолбарыстың жүрегі мен бауырын алдыртып бер гізеді. Әйел алғысын айтып кері қайтады.
Сол жерде Бәйдібек бір жігітін жұмсап, жансыздап біл діртсе, әлгі әйел қоңырат ішіндегі «Қызыл би» атанған Мелде би дің Тәуіркөз деген бәйбішесі екен. Жолбарыстың жүрегі мен бауырын жеп, жерігін басқаны белгілі болады.
Бұл оқиғаны Бәйдібек бір сыр көріп, көкейіне түйеді. Көп кешікпей Қызыл бидің бәйбішесі Тәуіркөздің босанып, қыз тапқанын, оған Жұпар деп ат қойғанын естиді.
Сонда Тәуіркөз белін бекітіп, бала қырқынан шығып, бесікке салынған кезде Бәйдібек би барша жөн-жоралғысымен, сән-салтанатымен Қызыл бидің үйіне келіп түсіп, «бесік құда» болғысы келетін ниетін білдіреді. Бәйдібек өзінің «Сұлу Зеріп» деп атанған екінші әйелінен туған Жалмамбет (Жәлменде) дейтін баласына Жұпар қызды қалап, Құдай қосқан құда болғысы келетінін айтады.
Сонда, Қызыл би ойланып отырып Бәйдібекке:
—Бәйдібек, бұл ниетіңнің қандай себебі, нендей негізі бар?—деп сұрапты.
Бәйдібек:
—Себебі де, негізі де біреу-ақ: Тәуіркөз бәйбішенің жерігін өзім қандырып, ырым көріп едім,—депті.
Сонда Қызыл би:
—Е-е, баламның тіні менікі болғанмен, ділі сенікі екен ғой?!—деп оң шырай танытыпты.
Арада он шақты жыл өткенде ата-аналарының ақ баталарын алып, Жалмамбет пен Жұпар қосылады. Бәйдібек ауылына келін болып түскен Жұпар қазақтың жанама ат қоятын дәстүрімен «Мапырашты» атаныпты дейді.
Кешікпей Мапырашты жүкті болып, арыстай бір ұл табады. Ауылдың дуалы ауыз бір қарты нағашы әжесінің жолба рыс жүрегіне жерік болғанын ырым көріп, баланың есімін ана сы Мапыраштыға ұйқастыра «Шапырашты» деп қояды. Ша пырашты ержүрек, батыр болып даңқы шығады.