ҚАҢЛЫ РУЫ

ҚАҢЛЫ РУЫ
Дүрбін мерген туралы бір аңыз
Есте жоқ ескі заман болса керек, қырдағы елдің бас иелік ететін ханы өліп, кімді хан қоярын білмей ел-жұрт қатты дағдарыста болады. Сонда ошарылған ел-жұрттың алдына бір ақ жаулықты ана шығып, ақыл айтады:
—Талабы бар ерлердің бәрі садақ тартсын, кімнің садағының оғы сағымға ілінсе, соны хан көтеріңдер,—дейді.
Хан болуға лайық жұртшылық уәжге тоқтайды. Бірақ еш бірінің оғы сағымға байланбайды. Сонда жаңағы ақ жау лық ты ана:
—Менің Дүрбін деген мерген балам бар еді, тауда аң аулап жүр, соны шақырып әкеліңдер, бәлкім соның атқан оғы сағымға тоқтар. Аң қызығын балам қимағандай болса, мына жүзігімді көрсетіңдер!»—деп, қолындағы жүзігін шешіп береді.
Елдің жөн білетін адамдары, атақты билері Дүрбінді шақырып келуге аттанады. Шешесі айтқандай, аң қызығына берілген Дүрбін шақырушылардың сөзіне алғашқыда құлақ аса қоймаған екен, шешесінің белгіге беріп жіберген жүзігін көрген соң бармақшы болады.
—Бірақ, мен жанды нәрсеге мінбеймін, маған күйме керек»,—деп шарт қояды.
Ел-жұрт Дүрбіннің шартын ырым тұтып, күйме-арба жасап алып барады. Дүрбін күйме-арбаға мініп келе жатқанда арбаны жасаған шебердің жол-жөнекей аяғы мертігіп, ол да арба ға мініп жетеді. Содан, ел-жұрттың көз алдында Дүрбін садақ тартады. Садағының оғы сағымға сіңіп, ілініп қалады. Ел-жұрт бір ауыздан Дүрбінді хан көтереді.
Содан бері Дүрбін мінген күйме-арбаны қаңғырлап жүре тін дыбысына бола «қаңқа» деп атайды. Ал арбаны жасаған кісіні де, арбаға мінген кісіні де «қаңқалы» деп атайтын болады. Барабара «қаңқалы» сөзі біраз өзгеріп, «Қаңлы» сөзіне айналады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *