Қаңлы

Қаңлы
ұрыстан соң оғыз қағанның шеруіне, нөкерлеріне, халқына соншама көп жансыз олжа-мүлік түсті, жүкті тиеуге, тасуға ат, қашыр, өгіз аздық етті. Сонда оғыз қағанның шеруінде үздік жақсы бір шебер кісі бар еді. оның аты Бармақлық Жосын Білік еді. Бұ шебер бір қаңға (арба) шапты. Қанға үстіне жансыз олжаны тиеді. Қаңғаның алдында тірі олжаны жегіп, тартып кете барды. Нөкерлердің, халықтың бәрі мұны көріп, тездетіп тағы қаңға шапты. Мұндай қаңға жүргенде «қаңға, қаңға» деп дыбыстап бара жатушы еді. Соның үшін оларға «қаңға» деп ат қойды. оғыз қаған қаңғаларды көріп күлді де, айтты: «Қаңға мен өлі олжаны тірілер алып жүрсін. Саған Қаңғалық аты беріліп, Қаңға аты сақталсын,—деп кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *