ЖАЛАЙЫР РУЫ
[Қабылан батырдың «Жалайыр» атануы]
Қазақ елін Тұран хандығы заманында «қызыл қалпақты лар» билейді. Бұл заманда өз еліменен жауласып, қазақтың ру-тай па және ата қонысындағы (отцовство) жиналыста «Жалайыр» деген атақ алып шыққан Қабылан деген батыры болады. Ашу лы Қабылан Жетісу, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу-Алакөл жеріне талас Найман тайпасының қастандықпен Тентек, Көксу жайлауы на талас, керісі басталады. Ашуланған Қабылан жүгенсіз ағып келе жатқан айғырдың кекілінен ұстап, жығыла тартқанда [оны] жалымен қоса қапсыра тартып, арқасынан жалын айырып, құйрығынан бір ақ шығарып, айғырдың жаясын қып-қызыл қанталатып, құйрығының қылын қолына іліп қалады. осы оқиғадан кейін болған істі, керемет күшті көріп, халық Қабылан батырды «Жалайыр» деп атап кетеді.