Ұлы жүз туралы (І нұсқа)

Ұлы жүз туралы (І нұсқа)
үйсін батыр өзі жау жаулап кеткенде елі үркіп, Доғалақ тоқал жүкті екен. «Толғатып, жүре алмайсың» деп Доғалақты жұртқа тастап кеткен екен. Ертеңіне жау келіп, жұртта баласын алып отырған қатынға келіп:
—Ел қайда?—деген екен.
Әйел:
—Ел кеше үркіп кетті,—депті.
—Бұл жерде не бар?—дегенде:
—осы тұрған таудың аржағында осы елдің жылқысы бар,— деді.—Айдап кеткенін, кетпегенін білмеймін,—депті.
Бұл таудың жолы қайда?—деп жау сұрапты.
—Таудың жолы күн жарымдық. Тұманғынан айналып барасың,—депті.
Жау жағы адамын жіберіп, жартысы кейін үш күнде жылқыны жатқан жерінен айдап келіпті. Жылқыны айдай келгенсін әйелге бір жылқы берейін десе, әйел айтыпты:
—Маған жылқы берсең, осы кәрі құла айғырды беріңіз,— депті.
Құйрығы шұбатылған бір құла айғырды берген екен. Әйел соны байлап алыпты. Жау жылқыны алып кетіпті. Таң алдында құла айғыр қатты бір кісінейді. Ертең кеште жылқының жартысы қайтып келіпті. Ертеңі, келесі күні жартысы келіпті. Соңынан адам келмейді.
Жаудың ішінде бір жақсы адам бар екен. «осы жылқы тек жылқы емес. Бұл жылқыны қумайық, елге қайтайық»,—депті. Әйел құла айғырды үйіріне жіберіпті. Жылқы тауды айналып орнына барғансын, әйел таудың белінен қиялай түсіп, жылқының ішінде қос қылып отырыпты.
Бірнеше күннен соң үйсін батыр жұртына келсе, елі жоқ. Тау жағына қараса, бір арбаның ізі бар. Сонымен батыр атын жаяу жетелеп қиялап көп бейнет, машақатпен қуалап келсе, жылқының ішінде әйелі баласын алып отырған екен. «Ел қайда, не қылып отырсың?»—десе, болған уақиғаны баршасын бір-бір баян еткен екен. Сонан кейін еліне бармай, сол әйеліне үй тігіп беріп, әйелінің қолында болған. Бәйбішесінің он екі балалары атасынан жылқы қуып, араз болыпты. Сонан қарғыс кетіп, бұл күнде ол он екі баланың тұқымы әр елде аз-аз, тозғындап аз болды. Тоқалының тұқымы «ұлы жүз» болып жүр екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *