Сахаба ұрпағы
(Х нұсқа)
Шамалап айтқанда, уақыты 789-810-ншы жылдарда Түркістан аймағында отыз екі баулы өзбек ұриямынан азғана көшпелі халық болды. Қырық сан Қырымнан шыққан бір ханның баласы шешесінен туғаннан ала туды.
үш оқ нәсілінен 500—600 үй көшпелі жұрттың ішінде Майқы би, Қотан бай деген кісілер болды. Болат—Қотанбайдың баласы. өзгелері ел талағанда Болат шаппайды да алмайды. Сол себептен басқалар мұны дәнеме де алмайды деп «Болат қожа» атаған. Алшынды 100 жігітпен жіберді. Сонан соң «Қазақ» атанды. «Қазақ» деген ноғайлардың ескі тілінде «бойдақ» деген, «қашақ», «қолға түспейтін қулар» дегені. Ескі түркі тілінде— «өз еркімен жүретін жұрт» деген сөз.
Сол жақта бойдақ жүрген қазақтар ноғайлардың қатынқызын еріксіз алып кете берген. Ноғайлар бұл күнгеше қазақты жек көреді. Түркістанда Тоқтамыс хан—Ноғайдың ханы. оны қазақ өлтірген—ер Едіге. Жалғыз баласы—Нұралы. Қазақ ежелден әлі жеткенін итше талайтын бассыз, баусыз жұрт болған. «Қазақ болмай, азап болмас» деп басқа жұрт мақал қылған. Қырғыздың қатындары күні бүгінге шейін балаларын:
«Қасақ алғыр» деп қарғайды.