Жаңартылған білім – болашақтың негізі

Жаңартылған білім – болашақтың негізі
«Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс есебінде қолдану керек»
А. Байтұрсынұлы

Егеменді елімізде білім беру мазмұны заман талабына сай жаңаша бетбұрыстарды талап етіп отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде:
«Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын пос- тиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Енде- ше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені сөзсіз.
Біздің өміріміздің кез келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсі- ресе білім беру саласындағы өзгерістер мұғалімнің оқыту үрдісіндегі алатын орны мен рөліне жаңаша көзқарасын қалыптастырусыз жүзеге асуы мүмкін емес. Дана халқымыз «Ой өзгермей, адам өзгермейді» де- гендей, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында енгізіліп отырған жаңа мақсаттар мен міндеттерді, жаңа технологияларды, құзыреттілік- ке бағытталған бағалаудың жаңа формаларын алдымен мұғалімнің өзі жан-жақты игермейінше, сапалы білімге қол жеткізе алмаймыз. Сон- дықтан кез-келген педагог оқыту үрдісін бағдарламалық және әдісте- мелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақ- саттары мен әдіс-тәсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет.
Оқу барысында информатика пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құ- рылымын, мақсат-міндеттерін түсіндік. Осыған сәйкес педагогикалық әдіс-тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде

критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Қалыптастырушы ба- ғалау, жиынтық бағалау түрлерін тәжірибелік тұрғыда меңгердік. Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға ба- ғытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту, баланың функционалдық сауаттылығын арттыру, шынайы өмірмен байланысқа мән беру, рухани адамгершілік құндылық- тарын дарыту. «Бес саусақ», «Ыстық орындық», «Серпілген сауалдар»,
«Кім тапқыр?», «Кубизм» «Балық қаңқасы» т.б. тәсілдерін қолдану жол- дарын курс барысында үйреніп «педагогикалық қоржынымыз» біршама толықтырдық. Келешекте сабақтарымды жоспарлауымда өзгертулер ен- гізіп, сабақ мақсатыма сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды жаңар- тылған білім беру мазмұнына сай түрлендіремін.
Сөзімді қорытындылай келе, ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Бай- тұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұ- ғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, мето- дикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөздерін есіміз- ден шығармайық демекпін. ХХІ ғасыр – ғылым мен инновация ғасыры. Мақсатты білім беру – жеке тұлғаның дамуын жүзеге асыратын мәселе. Жаңартылған білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, өзіндік
«менінің» қалыптасуына әкелетін сара жол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *