Өзгерісті өзімнен бастаймын…
«Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту»
моделіне көшуге тиіспіз.
Н.Ә. Назарбаев Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында педагог мамандардың білімін жетілдіру мәселесіне баса на- зар аударды. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең басты міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, әрі оны мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның өзекті де, өмірлік қажеттілігіне сәйкестендіру. Осы тұрғыдан алғанда білім берушілердің тұрақты да, жүйелі қайта даярла-
нуымен кәсіби біліктілігін көтеріп отыру қажеттілігі туындайды.
Бұл жоғарғы оқу орнында жұмыс жасайтын, болашақ мектеп мұға- лімдерін дайындайтын профессор-оқытушыларға да қатысты. Сол себеп- ті де педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы- профессор құрамын жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекше- ліктерімен таныстырдың маңызы өте зор.
Осы курстың бағдарламасын игеру кезінде мен өзімнің кәсіби дең- гейімді көтеруге көмектесетін мол теориялық мәліметтер жинақтадым. Курстың бастапқы кезеңінде түсініксіз нәрсе көп болды, яғни осы бағдар- ламадан күтілетін нәтиже білім алушылардан еркін, өзінің ойын жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни көз қарасы қалыптасқан тұлға дайындау қалай жүзеге асатындығы айқын болмады. Алайда тәжірибелі тренер- лермен жүргізілген сабақтар барысында оқытудың жаңа ұстанымдарын, технологиясын, осы мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, тиісті бір тү- сінік ала бастадым. Әрине, барлығы бірдей оңай болмады.
Осы курс барысында үйреткен тәсілдерін, ұстанымдарын жоғары оқу орнында студенттер үшін өте пайдалы екендігі анық. Біліктілік кө- теру кезіндегі алған тәжірибем білім алушылардың бойында оқуға деген қызығушылық, өзіне деген сенімді қалыптастырып, олардың жан-жақты ізденімпаздығын, шығармашылық белсенділігін арттыруға, тіл байлығы жетілдіруге, еркін ойлауға өз пікірін білдіруге, оны қорғай білуге дағды- ландырады деген ойдамын. Сонымен қатар болашақ мұғалімдердің білім жүйесіндегі жаңаша көзқарасқа өзіндік қосар үлесі болады деп ойлаймын. Курстан алған білімімді жоғары оқу орынында білім алып жатқан болашақ педагогтарды дайындауда қолданып, оң нәтижеге жету үшін тырысамын. Мен болашақта нені өзгертемін, қалай өзгертемін деген сұрақтарға жауап бермес бұрын, мен қалай өзгеремін, педагогикалық ұстанымым қалай өзге- реді дегенге жауап беру әлдеқайда маңызды деп есептеймін.