Жаңашыл мұғалім-қоғам талабы

Жаңашыл мұғалім-қоғам талабы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер
– ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А. Сухомлинский

Жаңашыл мұғалім қандай болуы керек деген ой көп жас маман иеле- рін толғандырады. Өмір талабына сай сабақтарда бұрынғыдай білген өз білімін балаларға беріп, сол бергенін қайта талап ету жоқ. Сонда қалай? Сабақта балаға білім емес, дағды және бағдар беру керек, ал оны мате- матикада қалай берем?… Тұнып тұрған формулаға мен есептерге қалай берген тиімді, оның тәсілдерін білуіміз, үйренуіміз маңызды…
Біз айналаға мұқият қарап, көрген киноларымыздан, естіген аңыз- дарымыздан қандай да үлгі алуымыз білуіміз маңызды. «История Рона Кларка», «Писатели Свободы», «Гуманная педагогика», «Три идиота» атты киноларды көріп өз ой елегінен өткізсеңіз, мұғалім мен студент арасындағы түрлі көзқарастарды көреміз. «Три идиота» киносында- ғы досының нақты дәлелі мен түсінігінің арқасында, студент әкесінің жүрегіне жол тауып, өз ойын ата анасына нақты түсіндіріп, арманына қол жеткізеді. Екінші досы өмірге деген қорқыныштан құтылып, өзі- нің арманына нақты жол ашып, жұмысын табады. Үшінші досы ақша- мен бәрі есептелмейтінін түсініп, бақытына қол жеткізеді. Жаттанды кітаппен бағыт алып, өмірде жол бастаған студенттің, жеткен жері де көрсетілген. Біз өмірден осындай оқиғаларды жас маман иелеріне тү- сіндіре білсек…

Жас маманның білімі бар, тек оған сол білімін практикада шеберлік- пен ұштастыруына көмектесуіміз, бағыттауымыз керек. Ондай мақсатқа жету үшін, қазіргі әдіскерлерге пән бойынша бөлек оқытып, олардың көз- қарастарын өзгертуге үйретсек, болашақта олар студенттерге жақсы бағдар берер еді. Сонда ғана, жас мұғалімнің сабағына деген көзқарасы, сабақты құруы, осы жаңа бағдарлама төңірегінде болады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *