Жаңартылған білім мазмұны
«Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз».
Н.Ә. Назарбаев
Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Қазақстан Республикасында орта бі- лім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енуде. Қазіргі заманауи компьютерлік технология заманында білімнің жаңа шыңдарына шығуға тура келеді. Бізге, колледж оқытушыларына бастауыш және орта білім білім беруде ағылшын тілі мамандарын даярлауда жаңартылған орта білім беру мазмұ- нын, оның ерекшеліктерін білу өте қажет және маңызды. Осындай білім беру мазмұнына арналған курсқа өте қуаныштымын. Курстың алғашқы күнінен бастап, біздің ақылды, тәжірибелі тренеріміз Оспанов Ерболат Турсынбайұлы басқаруымен жаңартылған орта білім беру мазмұнымен, оның мақсат-міндеттерімен, ерекшеліктерімен өзара оқыту әдістері ар-
қылы жақсы таныстық. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге ала- тын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық.
«Жоқтан өзгеге, ұзын құлаққа, ырым-жырымға, ескі әдетке оп-оңай нана қоймайтын, естіген білгенінің бәрін ақылына салып, сынататын, сонсоң ба- рып асықпай қорытынды шығыратын оқушыны қалыптастыру маңызды» деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай, оқушылардың шығармашылығын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек. Әр оқушы сабақта сыни тұрғысынан ойлаудың алты ойлау деңгейлері бойынша, оқу мақсаттарына сәйкес қандай нәтижеге жеткен/жетпегенін қалыптастырушы бағалау бары- сында рубрикадан, дескриптор арқылы біліп отырады. Және келесі сабақ- тарда қандай кемшіліктерін жеңу керектігін білетіндігінде.
Мен, курс барысында критериалды бағалау жүйесі, оның мазмұны, сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі, тиімді оқыту және оқу тәсілдері, белсенді оқу әдістері туралы толық ақ- парат алдым. Шет тілін оқыту әдістемесі сабақтарымда осы үйренген бі- лімі мен практикалық дағдыларды қолдана аламын деп ойлаймын.
Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғы- сынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.
Менің студенттерім де болащақта жаңартылған орта білім беру маз- мұнын, критериалды бағалау жүйесін меңгерген мамандар болады деп ойлаймын.