Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

Жаңашыл мұғалім болу-жаңа заман талабы

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»
Аристотель

ХХІ ғасыр жас ұрпақтарына білім беруде, оларды болашақ елдің тұт- қасы етіп тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті. Сол міндетті орындау мақса- тында мұғалім үнемі ізденісте жүріп, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Қазіргі заман талабы еліміздің дүниежүзілік білім кеңістігінде өзінің елеулі орнын табу қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәсе- лесін, әдіс-тәсілдерді жаңашыл процестермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір ұстаз озық тәжірибе- лерді терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы қажет.
Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсіл- дер қарастырылғанына қарамастан, білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқыту тәсіліне басымдық беріліп отыр. Бұл оқыту- дың басты бағыты ойлауды дамыту, сол арқылы студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтуге жағдай туғызу болып табылады.
Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байла- ныстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашу мақсатында мен жа- ңартылған білім бағдарламасы бойынша алған білімді тәжірибемен ұш- тастырамын.
Осы Бағдарлама аясында дайындалған Астана қаласындағы «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру» атты 10 күндік курс кезінде «Оқу үде-

рісін ұйымдатырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер», «Критериалды ба- ғалау жүйесі», «Жиынтық бағалау», «Қалыптастырушы бағалау», «Сабақ жоспармен жұмыс» атты тақырыптығы сабақтарды, әр тапсырманы топ- та бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік. Осының бәрі ұйым- шылдықтың арқасында. 10 күндік курс мен үшін өте тез өтті. Мәліммет- тер жаңаша, жақсы, ынталандырлықтай болды.
Маған бұл курс өте ұнады. Сабақтың жоспарын қалай жоспарлау, қа- лай өткізу керек, мақсат қоя білу, сабақ үстінде АКТ пайдалану, оларды қолдану т.б. күнделікті өткен сабақтардан үйрендім. Әлі де үйренер тәжі- рибем көп деп білемін.
Бұл курстың менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқарас- пен қарап, өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды.
Әр уақытта шәкірттеріне білімді алға жетелеуші ұстаз үлкен көрсет- кішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушыларды білім нәрімен сусындату біздің үлесімізде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *