ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»
Аристотель
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақ- ты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылар- дың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр.
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдылар- ды да меңгеруге тиіс.
Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылар- дың бойында тілдік дағдыларды қалыптастырудың, оқытудың әдіс-тәсіл- дерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңге- ріп, оны тиімді қолдана білудің маңызы зор.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, прак- тикалық жұмыс және тренинг кезінде өзімнің қызығушылығым күннен күнге арта түсті. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламмасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нәтижелер- ге қол жеткіздім.
Бүгінгі күні дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азамат- тарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі за- ман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру
бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы се- бептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды да- мытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде ен- гізіле бастауы көңілді қуантады.
Курстың маңыздылығы да міне, осында. Курс аясында жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайын- да еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.
Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала оты- рып, жаңаша ойлай алатын білікті мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.