Жаңартылған оқу бағдарламасының маңызы мен тиімділігі

Жаңартылған оқу бағдарламасының маңызы мен тиімділігі
«Көп нәрсені сұрап, меңгеріп, өзгелерді оқыту – ұлы білімпаздықтың құпиясы»
Я.А. Коменский

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегия- сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан хал- қына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек деген. Сондықтан да, жоға- ры оқу орындарында білім алушыларға тек белгіленген білім мен іскер- лік дағдыны беріп қана қоймай, сол алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біліуге үйрете отырып, тәрбие беруіміз қажет.
Біздің алдымызда болашақ ұрпақты өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, білім алушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.
Сондықтан бұл мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен байланысып, білімалушы оқу үдерісіне барынша тартылады. Білім алушы білімін аяқтаған кезде қазіргі жаһандық экономи- ка жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болуы тиіс.
Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқу- лықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құн- дылықтар мен мақсаттар білім алушылардың жалпы үлгерімін арттыруда, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағ-

дыларды дамытуда, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асы- руды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздей- ді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау енгізу атал- ған міндерттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып отыр.
Яғни біз педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамын орта білім беру мазмұнының жаңартыл- ған оқу бағдарламалары мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында көптеген мәліметтер алдық. Жаңартылған оқу бағдарла- масында жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерешеліктерімен, тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдерімен, оқыту және оқу үдерісі- мен, оқытудың ұйымдастырушылық формаларымен, критериалды баға- лау жүйесімен түрлерімен таныстық. Оқу пәндері бойынша жоспарлау, сабақ жоспарымен жұмыс жасау, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрас- тыруда кең түрде мәлімет алдық.
Жалпы қорыта айтқанда, жаңартылған оқу бағдарламаларының мақ- сат-міндеттерімен, құрылымын және мазмұнын түсіне отырып, жаңар- тылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдану, жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізе отырып білік, дағдыларын қалыптастыру. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесі шығармашылық тұл- ға қалыптастыруға алып келеді. Білім алушылардың пәнге деген қызы- ғушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелейді деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *