Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабі-

летті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқара- ды. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман тала- бына сай білім қажет.
Мен осы 2 апталық «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы»тақырыбы бойынша өткізген курс- та қазіргі жаңа бағдарлама бойынша еңгізілген жаңалықтармен танысып олардын тиімді жағын ескере отырып педагогикалық шеберлігімді шың- дадым. Оқу-тәжірибе курсы өте қызықты және жоғары сапада өтті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру- ды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңызды- лығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығар- машылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *