Жаңашыл мұғалім – оқушының жүрегі

Жаңашыл мұғалім – оқушының жүрегі
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
Н.Ә. Назарбаев

Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында педагог мамандардың білімін жетілдіру мәселесіне баса на- зар аударды. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең басты міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, әрі оны мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның өзекті де, өмірлік қажеттілігіне сәйкестендіру. Осы тұрғыдан алғанда білім берушілердің тұрақты да, жүйелі қайта даярла- нуымен кәсіби біліктілігін көтеріп отыру қажеттілігі туындайды.
Алайда тәжірибелі тренерлермен жүргізілген сабақтар барысында оқытудың жаңа ұстанымдарын, технологиясын, осы мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, тиісті бір түсінік ала бастадым. Әрине, барлығы бір- дей оңай болмады.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мә- селесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бас- тау керек», – деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабі- летті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқара-

ды. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман тала- бына сай білім қажет.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азамат- тар» – деген.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын же- тілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйле- сімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдісте- мелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қа- лыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденіс- те кәсіби білікті болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *