«Жаңартылған білім беру бағдарламасы»
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Ш. Уәлиханов
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жалпы білім беру мазмұнын жаңартудағы өзгерістері бәрімізге мәлім. 2018 жылдың 17.09.2018-28.09.2018 аралы- ғында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өттім.
Әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пі- кірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай біл- дік. Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында 2 апталық курс мен үшін өте тез өтті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырлықтай болды. Хал- қымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қол- дану керек» дегені жадында болуы тиіс. Сондықтан мақсатын ашатындай
тиімді әдіс-тәсілдерді әр сабаққа ықпалдастыра отырып құруды SMART арқылы нақты, қолжетімді, шынайы жоспарлау негізінде өзгертулер ен- гізу керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта тү- зетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, байсалды да білімді тренеріміз Сыздықбаева Роза Гайдаровна жылы шыраймен қарсы алды. Курс барысында теориямен, топтық жұ- мыстың тиімділігі, оқыту әдістері мен нысандары, сабақ құрылымы сыни тұрғыдан ойлау, оқыту әдістері, рефлексия мен кері байланыс, АКТ-ны пайдалану, рефлексивті оқыту, бағалау түрлері, ықшам сабақ жоспарла- рын қалай құру керектігін жасап үйрендік.
Сабақ беру үрдісінде негізгі алынатын бірнеше құжатпен – оқу бағ- дарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тап- сырмалар жинағымен және т.б. таныстық. Жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі:
— оның XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту;
— адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорла- рын қалыптастыру;
— рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне сөзсіз: «Фишбоун», «Блум таксоно- миясы», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық» т.б.
Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Сынып жоғарылаған сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, тереңдеп отырады. Бағдарлама мазмұны тарих, биология, география, ма- тематика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Онда
«мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, бі- лікті ұстаз болайық.