Жаңартылған білім беру аясында білім беру-заман талабы

Жаңартылған білім беру аясында білім беру-заман талабы

«Балаларға олар есейген кезде пайдалы болатын нәрсені үйрету керек»
Аристипп

Жаңартылған білім беру концепциялары аясында «Педагог кадрлар- ды даярлайтын жоғары оқу орындары және колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасының» өзектілігі жаңа заман- ға сай өзіндік дүниетанымы, сыни ойлай білу қабілеті дамыған, функ- ционалдық тұрғыдан сауатты, осы айтылғандар негізінде қарқынды құ- былып жатқан 21 ғасырда өз-өзіне сенімді, табысты тұлға қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр.
Курстың басты мақсаты, менің ойымша, педагог кадрлар дайындай- тын ЖОО оқытушыларына педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге, өз- дерін құр ақпарат көзі ретінде емес, білім алушылардың өз бетімен білім игеру процесінде бағыт сілтеуші ретінде тануға мүмкіндік беру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең басты құндылығы-са- бақта алған білімді қолдана отырып, үздіксіз түрде жаңа білім алуға ұм- тылу және бұл процесте мұғалімнің де, оқушының да бірге атсалысуы. Себебі біз инновация дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, практикалық білім беру әлі басталмаған және қалай анық сипатталған болуы мүмкін емес жұмысқа тұлғаны дайындауы керек.
Осы тұрғыдан алғанда болашақ педагог мамандарды даярлау ісін өмір ағымына ілесе жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагогикалық ма- мандықтар даярлайтын ЖОО оқытушыларына жаңа талапқа сай қосым- ша білім беруді жолға қою деп түсінемін.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгере білген әрбір ЖОО оқытушысы өзі алған білімді ондаған, тіпті жүздеген студенттерге жеткізе отырып, ақпаратты тасымалдауда ролі мен мүмкіндігі зор буынға айналуда. Ж. Аймауытұлының «Комплекспен оқыту жолдары» атты педагоги- калық құнды еңбегінде көрсетілген «Балалар: Өзіне мақсұт қойсын, Жос- парды талқыға салсын. Нені істеуге болатынын шамаласын. Кім не істей- тінін үлесіп алсын. Жұмысты бірігіп орындасын» деген идеялар қазіргі
білім беру жүйесіндегі көкейтесті трендтерді анықтап тұрғандай.
Осы курс аясында жеке өз басым қол жеткізген жетістіктерді атап ай- тар болсам – Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолданылатын құжаттармен жұмыс жасауды үйрендім, Тиімді оқыту және оқу тәсілдері- мен таныса отырып, білім игеру процесінде белсенді оқу әдістерін тиімді қолдану жолдарын меңгердім, оқыту тәжірибесіндегі саралау әдіс-тәсіл- дері туралы мағлұмат алып, Критериалды бағалау жүйесімен және оның басты принциптерімен таныстым, география пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында негізігі орта білім беру деңгейі бойынша және ЖОО-да пән бойынша сабақ жоспарлауға жаттықтым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *