Юстус фон Либих (нем. Justus von Liebig;1803 жыл 12 мамыр, Дармштадт — 1873 жыл 18 сәуір, Мюнхен) — неміс химигі, агрохимияның негізін салушылардың бірі.
1824 жылдан Гисен, 1852 жылдан Мюнхен университеттерінде профессор. Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1830). 1860 жылдан Бавария ғылым академиясының президенті. Гисен]де 1825 жылы күркіреуік қышқыл күміс құрамы жөнінде циан қышқылы күміске ұқсас екендігін тапты. Ол альдегидтерді, органикалық қышқылдарды зерттеп, алғаш хлороформды ашты (1831) және сірке альдегидін (1835) алды; сондай-ақ сүт, гиппур] т.б. карбон қышқылдарын ашты. Органикалық қосылыстардағы көміртек пен сутекті анықтау әдісін (1931—1833) жетілдірді. 1839 жылы физиологиялық процестердің химиясын зерттеп, ашу және шірудің химиялық теориясын ұсынды